Құрылыс қарқынына көз тояды

Облыс әкімінің ел алдындағы есепті кездесуінен көп нәрсені көңілге түйдік. Өңірімізде атқа­рылған жұмыстардың нәтижесіне көз жетіп,  көңіл қуанды. Қай са­ланы алып қарасақ та, соңғы бес жылда оң өзгерістер басым. Әсіресе, өзім құрылысшы болған­дықтан аймақта қолға алынған құры­лыс жұмыстарына ерекше назар аудардым. Мәселен, сол жағалаудағы жаңа қалада 18 көп­қабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның көтерілуі, «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы мен «Болашақ» универ­ситетінің кампусы, «Жастар ре­сурс­тық орталығының» салынуы – үлкен бастама. Сондай-ақ, биыл аймағымызда шыны зауыты іске қосылмақ. 

Жылына 27 млн шаршы метр керамикалық плита және кера­микалық гранит шығаратын зауыт құрылысы басталады. Осы жылдың көктемінде Арал қала­сында кальцийлендірілген сода шығаратын өндіріс орны сапына  бастайды. Қармақшы ауданында құс фабрикасының жұмысы қолға алынып жатыр. Неше жылдан бері жұмысын тоқтатып тұрған лагерь құрылысы аяқталып, ха­лық игілігіне берілмек. Мұның барлығы – экономикамыз бен әлеу­меттік жағдайымыздың алға ілге­рілегенінің белгісі.

Сонымен қатар, биыл кентке газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы легі мамыр айында беріле бастайды. Бұл аудан тұрғындарын ерекше қуантып отыр. Осындай игі бастамалардың жүзеге асуына ықпал еткен облыс әкіміне алғысымыз шексіз.

          

Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,

Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 908 0