« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында осы тақырыпта тарихи-танымдық шара өтті.
Өңіріміздің өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың жеке өмірінен фото-шежірелер, сондай-ақ олардың қоғамдағы қажырлы еңбектерін, абырой, беделі, жалпы тұлғалық болмысын танытатын естелік құжаттардан «Табысқа жеткен тұлғалар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені тамашалаушылар көп болды. Олардың қатарында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушылар мен жеңімпаздары, мәдениет, өнер саласының сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер және жоғары сынып оқушылары болды. Осылайша олар танымал тұлғалардың отбасылық өмірінен, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық табыстары жайлы тың деректермен танысуға мүмкіндік алды. Танымдық шара аясында ұрпақтар сабақтастығының рухани үлгісі көрініс тапқандай.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас сөз сөйлеп, ұйымдастырылған шара қоғамның рухани жаңғыруы тұрғысында сананың ашықтығын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайтуда кәсіби білікті әрі табысты тұлғалардың жетістігін жас ұрпаққа үлгі тұтуды көздейтінін айтты.
Сондай-ақ, студент жастардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» атты LED форматтағы ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы болды. Онда облыстан жобаға енген тұлғаларға қатысты танымдық-зерттеу жұмыстарының бейнематериалдары көпшілік назарына ұсынылды. Айта кету керек, сан алуан өмір соқпағынан өтіп, табыс биігіне жеткен тұлғалардың табанды еңбек жолы көрмеге қатысушыларды бейжай қалдырмады.
Шара барысында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің жетекшісі Әлима Әбдіқалықова өнегелі ой-пікірін ортаға салып, әлемдік өркениетте әрдайым рухани құндылықтың бағасы биік екенін, сондықтан қазіргі таңда жас ұрпақ үшін білім бәсекесі бәрінен маңызды екенін айтты.
Тарихи-танымдық шара соңында «Табысқа жеткен тұлғалар» көрмесі қорытындыланып, дараланған студенттер мен мектеп оқушыларына «Алғыс хаттар» табысталды.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |