Бүгін, 25 ақпан күні сағат 14:00-де Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекенінің тұрғынынан 112 бірыңғай диспетчерлік қызметіне елді мекен тұсындағы Сырдария өзені бөгетінің бұзылғаны туралы ақпарат түсті. Талсуат Қызылорда қаласынан төмен қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Сырдария өзенінен сең жүру кезінде мұзды кептеліс болып, салдарынан оң жағалаудағы қорғаныс бөгетінің 5 м бөгеті бұзылды. Бұл – Қызылордада өткен «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сценариі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 ақпан 2020 г.
560
0
Қазіргі таңда әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуға бет бұрған Қазақстан үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – өзекті мәселе. Шын мәнінде, бұл сала – ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі.2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев елімізде жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына басымдық беруді міндеттеді. Бұл бағытта 2017 жылы елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 ақпан 2020 г.
525
0
3726 іскерлік және 274 жұмыс визасы, 26 фигурант, Қазақстанда, Қырғызстанда және Қытайда 48 жалған кәсіпорын, қылмыстық әрекеттен түскен табыс 1 300 000 АҚШ долларынан астам соманы құрады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 ақпан 2020 г.
478
0
Қызылордада жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен 72 жастағы бизнесмен әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды "Astana" арнасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 ақпан 2020 г.
984
0
Облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындықты қамтамасыз ету үшін жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Оған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Ілияс Бәкіров, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» университетінің проректоры Құралбай Құрақбаев, тиісті мекеме басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 ақпан 2020 г.
461
0
Кеше И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы жауынгерлік туының көшірмесі Қызылордаға әкелініп, туды қарсы алу-тапсыруға арналған салтанатты шара Тағзым алаңында өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 ақпан 2020 г.
737
0
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ҚАНДАЙ? Таңертең барлық жүргізушілер диспетчерлік бақылау бөліміне келіп, жүру талонын алады. Бұл жерде көліктердің жүру уақыты, соңғы аялдамаға дейін баруы, жол ережесін сақтауы бақыланып отырады. Егер жолда жоғары жылдамдықпен жүрсе шара қолданылады. Сонымен қатар, әрдайым жүргізушілер мен кондукторлар таңғы 6.00 -де медициналық тексерістен өтеді. Қоғамдық көліктердің жүру кестесі таңғы 6.30 -дан басталады. Ал үлкен сыйымдылықтағы автобустар кешкі 22.00 –ге дейін жұмыс істеуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 ақпан 2020 г.
1 113
0
Қызылорда облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қаржылық пирамиданы құрғаны және басшылық еткені анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 ақпан 2020 г.
839
0
Шибөрі көп. Кеш батса шулайды. Шулағаны жылағаны. Аш қой. Оны естіген ауыл иттері қоса абалайды. Айтпақшы, тілшілік сапармен жүргенде жергілікті жұрттан еститініміз ит-құстың көбейіп кетуі. Әсіресе, шибөрінің түнімен «шырқата» ән салатынын жиі айтады. Тіпті ауыл сыртына жақын келіп, күндіз жайылымдағы уақ малды тартып кетуге шыққан. Қасқыр қасқырлығын істеп кеткенімен, топтасқан шибөрілердің бұлай шалқып өмір сүруіне не себеп, қандай гәп бар?!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 ақпан 2020 г.
699
0
Қала тұрғындары тарапынан талай рет көтерілген мәселе тұрғысында бір топ журналистер баспасөз турына шықты. Мақсат – мәселенің анық-қанығына көз жеткізу. «Арай» шағын ауданындағы №13, 20, 31 бағыттағы автобустардың соңғы аялдамасына кідірдік. Мәселен, №13 бағыттың соңғы аялдамасындағы жағдай сын көтермейді. Жүргізушілерге жағдай жасау тұрмақ, көлік тұратын орын да жоқ. Қара жердің үстінде, жолдың жиегінде қаз-қатар тізіліп тұрған автобустар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 ақпан 2020 г.
480
0