«Көктем-2020»: Сырдарияда сең жүріп, қорғаныс бөгеті бұзылды

Бүгін, 25 ақпан күні сағат 14:00-де Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекенінің тұрғынынан 112 бірыңғай диспетчерлік қызметіне елді мекен тұсындағы Сырдария өзені бөгетінің бұзылғаны туралы ақпарат түсті. Талсуат Қызылорда қаласынан төмен қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Сырдария өзенінен сең жүру кезінде мұзды кептеліс болып, салдарынан оң жағалаудағы қорғаныс бөгетінің 5 м бөгеті бұзылды. Бұл – Қызылордада өткен «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сценариі.
Құтқарушылар зардап шегушілерді қауіпсіз орынға шығарып, апаттар медициналық орталығына және жедел жәрдем қызметіне  тапсырды. Төтенше жағдай аймағында жергілікті полиция қызметінің бағыттауымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды эвакациялау кезінде автобустарды сүйемелдеу жұмысы жүргізілді. 
Жалпы, бұзылған бөгетті қалпына келтіруге барлығы 15 құрылым, 183 адам, 42 техника жұмылдырылды. Облыстық ТЖД дағдарыс орталығында оқу-жаттығу штабы құрылып, лауазымды тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы жедел тобының жеке құрамы жағдайдың шиеленісуіне және төтенше жағдайлардың туындауына байланысты жағдайды бағалау және жергілікті жерлерде тиісті басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру үшін төтенше жағдай орын алған ауданға жедел жетуге  дайын болды.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аясындағы аумақтық кіші жүйенің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Әрбір құрылымдар бойынша нақты мүмкіндіктер мен есептер нақтыланды.
     Қызылорда облысы ТЖД

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2020 г. 560 0