« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындықты қамтамасыз ету үшін жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Оған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Ілияс Бәкіров, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» университетінің проректоры Құралбай Құрақбаев, тиісті мекеме басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.
Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың 90 проценті МӘМС жүйесіне қатысуда. Оның ішінде 11 млн адам әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған 15 санатқа жатады, яғни, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Облыста 802,3 мың тұрғын болса, оның 471 мыңы, яғни, 58,8 проценті жеңілдік қарастырылған азаматтар қатарында. 21520 азамат өзектендірілмеген. 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы 31 қаңтар аралығында қызылордалықтар қорға 7,6 млрд теңге аударған. Ал республика бойынша 251,2 млрд теңге көлемінде қаражат түскен.
Қор филиалы осы жылы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін 21 медициналық мекемемен келісім-шартқа отырған.
Жиында облыс бойынша МӘМС жүйесін енгізу барасы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметовтің, азаматтарды өзектендіру туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімовтің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов және басқа да тиісті сала мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Арнайы жұмыс сапарымен өңірге келген сала мамандары бірнеше емдеу алдын алу ұйымдарында болғанын, жаңа жүйені енгізу барысында ауқымды жұмыстардың жасалғанын айтып, тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын әлі де жалғастыра беру керектігін жеткізді. Сонымен бірге алыс ауылдарды, елді мекендерді интернет жүйесімен қамтуда жан-жақты тиімді жұмыстарды қолға алудың маңызыдылығын және дәрігерлермен қамтуда бар мүмкіндікті қарастыруға шақырды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |