« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ҚАНДАЙ?
Таңертең барлық жүргізушілер диспетчерлік бақылау бөліміне келіп, жүру талонын алады. Бұл жерде көліктердің жүру уақыты, соңғы аялдамаға дейін баруы, жол ережесін сақтауы бақыланып отырады. Егер жолда жоғары жылдамдықпен жүрсе шара қолданылады. Сонымен қатар, әрдайым жүргізушілер мен кондукторлар таңғы 6.00 -де медициналық тексерістен өтеді. Қоғамдық көліктердің жүру кестесі таңғы 6.30 -дан басталады. Ал үлкен сыйымдылықтағы автобустар кешкі 22.00 –ге дейін жұмыс істеуде.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ИНТЕРВАЛЫ НЕШЕ МИНУТ?
Көліктер өздеріне белгіленген арқашықтықты сақтауы тиіс. Негізгі белгіленген арақашықтық 7-15 минут. Дегенмен, қазіргі уақытта автобустардың аздығынан кей машруттардың интервалы ұзап кетеді.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР САНЫ АРТАДЫ МА?
Қазіргі уақытта қоғамдық көліктер 33 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде 25-і қалаішілік, ал, 8-і қаламаңына қатынайтын автобустар. Биыл қосымша үлкен сыйымдылықты автобустар әкелінеді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрауы бойынша кейбір көліктердің бағыты ұзартылды.
КІШІ СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ ЕСКІ АВТОБУСТАР ҚАЙ УАҚЫТТА АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Қоғамдық көліктерді ауыстыру жоспарда бар. Бұл мәселе бойынша сала мамандары жұмыс жасауда. Мұнан өзге, автокөліктердің пайдалану уақыты (тозуы) шет елдердікі 20 жыл болса, ТМД елдерінен шыққан көліктер 10 жылға жарамды. Осы уақытта жеке көліктер саны азайып кетті. Себебі, бұрын бір күнге 4000 теңгеге солярка құятын болса, қазір 6000-8000 теңге. Көбісі тиімсіз болғандықтан жекелей кетті. Одан қалды Түркістан облыс болғалы, біраз жеке кіші сыйымдылықты көліктерді сатып алды. Енді осы күні біздің тараптан жеке көліктерге қысым жасалынатын болса, саны бұдан да төмендеп кетеді. Сондықтан жалпы стандартқа сай келсе, қызмет етуге рұқсат береміз. Мысалы, №20 көліктің саны барлығы 16, ал бүгін оның 10-ы жұмыс істеп жүр. Көлік болғандықтан бұзылады. Сол себепті де арақашықтықтары ұзарып кетеді.
ҚАНШАЛЫҚТЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫНА МӘН БЕРІЛЕДІ?
Күнделікті тұрғындарды діттеген жеріне апаратын көліктердің тазалығы әрдайым қадағаланып отырады. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты кей уақытта шаң болатыны жасырын емес. Сол себепті, кондукторлар соңғы аялдамаға келгенде тазалық жұмыстарын жүргізеді.
ОНЛАЙН БИЛЕТКЕ ҚАШАН КӨШЕДІ?
Қызылорда қаласындағы 600 автокөлікке электрондық билет орнатылады. Сонымен қатар, наурыз айының аяғында төлем карталары қолданысқа беріледі. Қолма-қол төлем бағасы -150 теңге, электронды билет - 80 теңге болады.
Қанат Рахметұлы,
«Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |