Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет бола бастаған күннен-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына үлкен мән беріліп келеді. Бұған басты дәлел, Ата заңымыздың түгелдей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналғандығы. Бұл – демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары өте маңызды болып саналатындығының айғағы. Елбасымыздың сара саясатының негізінде әрбір азаматтың құқығы ерекше қорғалады. Ол дипломатия мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда да шешуші рөл атқарады.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
8 397
0
Қай жерде болмасын тәуелсіздік туралы сөз туындай қалса, сол тәуелсіздікпен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі аталады.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
2 186
0
Туған жердің түтіні қашан да ыстық. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ата-бабадан қалған қанатты сөз тегін айтылмаса керек. Сені сыртқа теппесе де, бөтен орта бөтендігін жасап тұратыны, реті келсе, шетке қағатыны жасырын емес. Сондықтан да болар кезінде түрлі себептерге орай көршілес елге қоныс аударған ата-анамыз кіндік қаны тамған жерді сағынышпен еске алып, оған оралуды аңсайтын. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік сол мақсатты жүзеге асыруды жақындатты.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 812
0
Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің конференц-залында «Менің Президентім» атты тақырыпта ашық лекция тыңдалды. Бұл шараға қаладағы мемлекеттік органдар мен кәсіпорын өкілдері, үздік оқитын жоғарғы сынып оқушылары, мектеп директорларының орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының Саяси Бюро мүшелері қатысты. Лекцияда Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны, қызметі туралы айтылды.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 245
0
Отандық тарихтың өзекті мәселелеріне байланысты келелі істің басталғанына біршама уақыт өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқасында қалың жұртшылық қазақ тарихының бейтаныс қырларынан біршама дерек пен дәйек алды. Алыс-жақын шет елдер мұрағаттарынан бірқатар тарихи қолжазбалар жеткізілді. Және осы сынды сан шаруа қолға алынды. Біздіңше, басым бағытты ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқытылуына беру қажет.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
2 653
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің басты Заңы Конституцияның кепілі ретінде азаматтардың конституциямен жария етілген құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән бере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындап берді.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 047
0
Егемендік алған күннен бастап еліміздің алдында жаңа мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру міндеті қойылғаны белгілі. Елбасы 2011 жылдың 21 шілдесінде Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасын бекітіп, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді мемлекеттік қызметшіні азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетудің үлгісі болуға, кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге міндеттейтін нормалар нақтыланған.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
3 210
0
Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өңірімізде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы қолға алынып, ол сәтті аяқталды. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаның алғашқы кезеңінде облыс аумағында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды. Енді бүгінде Сыр елі халқы үшін маңызы зор бұл бірегей жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысы қолға алынды. Бұл маңызды жобаларды Бүкілдүниежүзілік Даму банкі мен ҚР Үкіметі қаржыландырып келеді.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 923
0
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
2 543
0
Жуырда Шиелі, Жаңақорған аудандарында жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алуға электрондық өтініштерді қабылдау және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері қаралған семинар болып өтті. Оны облыстық жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-ның ұйымдастырды.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 058
0