АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы орталығында сонау 1938 жылдан бері халыққа қызмет жасап тұрған ауылдық аурухана бар болатын. Бұл аурухана тек аманкелділік тұрғындарға ғана емес, көршілес Жетікөл, Айдарлы, Бесарық ауылдары тұрғындарын да емдейтін. Түрлі себептермен соңғы екі жылдай мерзімде аурухана жабылып қалған-ды. Ауырған жандар сонау Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық ауруханаға, облыс орталығына сабылып, әбден әбігерге түсті. Жасыратыны жоқ, облыс, аудан әкімдіктеріне жаңа басшылар келген соң ауыл халқының жанайқайы солардың құлағына жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен аудандық аурухана жанындағы ауылдық аурухана болып құрылып, осы жылғы қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатыр.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 078 0
ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

Қазір Қызылордада тұрамын. Үйім мен қызмет орным қаланың Орталық алаңына жақын болғандықтан көпшілік демалатын орын болған бұрынғы «Еңбек аллеясы» маңында серуендеп жиі жүремін. Студент жастар, әсіресе қыздарымыз, қарсы не кесе-көлденең келіп қалғаныңда 2-3 метрдей жерден кідіріп, бізді өткізіп барып жүрісін жалғастырады. Ізеттілігіне риза болып, «бақытты бол, айналайын», «көп жаса» деп жас кезімізде үлкендердің бізге берген батасын енді өзіміз беріп, жастарымыздың қылығына марқайып қаламыз. 
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 614 0
ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

Облыстық тәртіптік кеңестің оныншы отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов бірқатар мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарында орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті. Оған Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданы әкімдерінің аппарат жетекшілері А.Есжанов пен Қ.Бержанов, облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы Д.Жанзақов түсінік берді. Бірақ, соңғы шенеунік мемлекеттік тілге пысқырмайтынын байқатты.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 2 062 0
ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

Жуырда облыстық ауылшаруашылық басқармасы БАҚ өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірнеше нысанға пресс-тур ұйымдастырды. Пресс-тур барысында журналистер «Қаржылай қолдау қоры» АҚ қатысуымен салынған жылыжай құрылысы, «Абзал и К» толық серіктестігі мен «Шөгірлі сүт фермасы» шаруа қожалығының жұмысымен таныстырды.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 419 0
СЕКСЕУІЛГЕ СЕРПІН ӘКЕЛГЕН ЖОБА

СЕКСЕУІЛГЕ СЕРПІН ӘКЕЛГЕН ЖОБА

Сексеуіл кенті Арал ауданындағы ең іргелі қоныс саналады. Облыс орталығынан шалғайдағы мекенде 11 мың халық тұрады. Бұл тұрғындарының саны жағынан шағын қаламен тең дегенді білдіреді. Кентке қарасты бірнеше елді мекен бар. Тұрғындардың басым көпшілігі теміржол саласында еңбек етеді. Бұған дейін теміржолға қараған әлеуметтік нысандар, инженерлік құрылымдар өзгерістерге байланысты кезеңімен коммуналдық меншікке қабылдануда. Халыққа 3 орта мектеп, екі балабақша (оның бірі жекеменшік иелікте), мәдениет үйі, спорт мектебі, қос бірдей теміржол депосы қызмет жасайды. «Сексеуіл су сервис» МКК тіршілік нәрімен сусындатады. 
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 366 0
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР

Автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға. Авторлық құқық автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқықтың жаңа кезеңі еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты, 1992 жылы бүкілодақтық агенттіктің Қазақ бөлімшесі негізінде Қазақстанның авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөнінде Мемлекеттік агенттігі құрылды.
ҚОҒАМ 19 қараша 2013 г. 5 747 0
КӨПКЕ ЖАҚҚАН, БАҒДАРЛАМА БАБЫН ТАПҚАН

КӨПКЕ ЖАҚҚАН, БАҒДАРЛАМА БАБЫН ТАПҚАН

Бестам ауылдық  округінің  әкімі  Нұржан Жақыпов үстіміздегі жылдың үш тоқсанының қорытындысымен Шиелі ауданы бойынша үздік ауыл әкімі атанды. Басшылыққа осыдан үш жыл бұрын ауыл ақсақалдарының ұсынысымен тағайындалған еді. Содан бері жас жігіт расында сенімнен шығып келеді. Биылғы жылғы барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау барысында да өзге үміткерлерден басым дауыс алып, өз округіне қайта сайланды. Міне, енді «Алтын күз» мерекесінде озаттар қатарында сахна төріне көтеріліп, аудан әкімі қолынан арнайы марапат алды.
ҚОҒАМ 19 қараша 2013 г. 1 223 0
ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

Тәуелсіз мемлекеттің көрінісі азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының заңмен қорғалып, заңмен кепілдік берілетінімен, сотының тәуелсіз және әділ болуымен айшықталады. Жылдар белесінде сот жүйесі де күрделі құқықтық реформаларды бастан кешіріп, қазақстандық сот жүйесін нық қалыптастырғанын атап өткен жөн. Сот жүйесінің өркениет талабына сай қалыптасуында республика судьялары съезінің алар орны бөлек. Себебі, әрбір съезд өткен жылдардағы сот жүйесінің атқарған шараларын қорытындылап, алдағы міндет пен межені биік мінберде айқындайтын бірден-бір алқалы орган.
ҚОҒАМ 19 қараша 2013 г. 1 032 0
БІР БЕТІ ЖАҢАЛЫҚ, БІР БЕТІ ДАНАЛЫҚ

БІР БЕТІ ЖАҢАЛЫҚ, БІР БЕТІ ДАНАЛЫҚ

Күллі дүниені көк айнаға көшіріп жатқан заманауи жетістіктер де газеттің қажеттілігін төмендете алмайды.
ҚОҒАМ 19 қараша 2013 г. 1 109 0
ТАЗЫ ТҰҚЫМЫН ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

ТАЗЫ ТҰҚЫМЫН ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

Қазақ жеті қазынаға тазыны енгізді. Бабалар адамның серігіне айналған тазыны басты байлықтың бірі көрді. Қазір бұл ит тұқымын көре алмай пұшайман күйге түсіп жүрген жайымыз бар. Ілгеріде басқаша болғанын бәріміз білеміз. Әрбір қазақтың шаңырағында кем дегенде бір-екі тазыдан болар еді. 
ҚОҒАМ 16 қараша 2013 г. 2 364 0