Күллі дүниені көк айнаға көшіріп жатқан заманауи жетістіктер де газеттің қажеттілігін төмендете алмайды.
Бір сәт көзіңді жүгіртіп, жүрегіңді жүгінтіп отырып оқыған баспасөз рахаты бір бөлек дүние. «Қазіргі ең соңғы модалар біздің баяғы әжелерімізді көзге елестеді» депті бір көшелі ер. Сол айтпақшы, газетті қойнына қысып, басына жастап өскен ұрпақ үшін оның беделі қашан да биік.
«Сыр бойы» біздің осы талғамымызды ортайтқан жоқ. Аймақтың ата басылымы Сыр елінің кешегі тарихы, бүгінгі бет-бейнесі есебінде де қымбат.
Менің де атымды екі жақтап елге танытқан еңбегім мен баспасөз екенін мақтанышпен айта аламын.
«Сыр бойы» барлық сала қызметкерлерінің қызметшісі болып келеді. Олардың ішінен әсіресе кәсіпкерлер үшін де оның берері көп. Керегімізді осы газеттен табамыз. Айтарымызды осы газет бетінен айтамыз.
Төл басылымымыз саяси-қоғамдық мәселелермен, күнделікті жаңалықтармен қатар, рухани құндылықтарға да өз бетінен орын таба білетін дәстүрінен айныған емес. Ел қорғаған батырлар, дана шешендер, өткен замана өрнектері қашаннан газет беттерінен үзілмей келеді.
Алдағы уақытта газетіміздің полиграфиялық сапасымен қоса, шығармашылық шырайы да арта түсері бек кәміл.
Міне, тағы бір жазылым кезеңі басталды. Мен әріптестерімді сырласың да, қолдаушың да бола білетін «Сыр бойына» жазылады деп сенемін.
Сейітқали АЛШЫНБАЕВ,
«Нұрай» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты.