Мемлекеттік тіл бүгінде ұлтты ұйыстыру мен біріктірудің басты құралына айналып отыр. Оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Облысымызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, әлі де мемлекеттік тілдің құжаттар айналымындағы рөлін күшейтуде жасалатын жұмыстар бар. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оған облыстық және аумақтық басқарма басшылары мен орталық қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2013 г.
1 225
0
Тәуелсіздік туралы жас ұрпақтың пайым-түсінігі ұстаздар берген тәлім арқылы қалыптасады. Азаттықтың ақ таңы атқан 22 жыл ішінде білім саласының бағыты өз еліміздің тарихын тануға, тағылымын ұғуға қарай бет бұрды. Біз ұлы мереке қарсаңында ұрпақ тәрбиесінің негізгі буыны – балабақша мен мектеп тәлімгерлеріне хабарласып, "Жас ұрпаққа тәуелсіздік тағылымын танытуда қандай шаралар атқарылуы тиіс?” деген сауалды қойған едік.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2013 г.
1 327
0
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасынан ұлттық идеологиямызды қалыптастыратын бірегей тарихымызды жазу туралы тапсырма алған осы ғылым төңірегіндегі азаматтар жан-жақты зерттеу жүргізіп, халқымыздың мыңжылдықтар бойындағы тарихи жадын қалпына келтіру үшін дәйекті деректерді Қытайдан басқа да ежелгі мұрағаты бар елдерден іздестіруде.
ҚОҒАМ
10 желтоксан 2013 г.
1 315
0
Адамзат өмірінің тарихын дінсіз және діни нанымдарсыз елестету мүмкін емес. Қайбір заман болмасын, адамзат өзінен тыс әлдебір күш бар екеніне сенгені анық. Сондықтан да дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қоғам өмірінде дүниетанымдық, тәрбиелік, біріктірушілік, қарым-қатынастық секілді өзіндік қызметтер атқарып келеді.
ҚОҒАМ
10 желтоксан 2013 г.
1 439
0
Сот-сараптамасы десек, телефильмдердегі «детективтердің» жұмысын жеделдететін, сауатты да логикалы зерттеулер жасайтын, тіпті демалып отырғанда да ой мен зерттеудің құшағында жүретін сот-экспертизасы маманы көз алдыңа келеді.
ҚОҒАМ
10 желтоксан 2013 г.
2 078
0
Арал қаласындағы №220 орта мектептің озат оқушысы Меруерт Мошанова «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының облыстық іріктеуінің апталық, айлық, маусымдық ойынында жеңімпаз атанды. Осылайша 100 мың теңге иеленіп, жылдық ойынға жолдама алған-ды. Бұл додаға республиканың түкпір-түкпірінен екі жүзден астам өрен қатысты. Өңшең «сен тұр, мен атайын» дейтіндей біліктілердің арасында Жәутіков атындағы физика-математика, әр облыстағы дарынды балалар мектебінің, қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бақ сынады. Тағы да Меруерттің жолы болды. Ақтық сынға шығып, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл жеңіс тек теңіз төскейінің ғана емес, Сыр өңірінің қуанышы десек, лайықты.
ҚОҒАМ
10 желтоксан 2013 г.
1 077
0
Түнгі қалаға шыға қалсаңыз Жаңа жыл мерекесі жақындағаны байқалады.
ҚОҒАМ
10 желтоксан 2013 г.
1 405
0
Кешегі кеңестік одақ ыдыраған тұста оның алғашқы ауыртпалығы алдымен жеңіл өнеркәсіп саласына соққы болып тиді. Өйткені бір-біріне шикізатқа не техникасына тәуелді болып келген республикалардың байланысы күрт үзілген еді. Соның әсерінен фабрикалар мен кәсіпорындардың жұмысы тығырыққа тірелді. Тіпті, сол кезде олардың басым бөлігі жабылып та қалды. Дейтұрғанмен, егеменді ел атанған Қазақстанда бұл салаға қайтадан жан бітті. Сөйтіп оны дамыту ісі кеңінен қолға алынды. Айта кету керек, жеңіл өнеркәсіп саласына бұлайша басымдық берудің өзіндік мәні де бар. Соның бастысы бұл салада өнім өндірумен қатар, жаңадан жұмыс орындары да көптеп ашылды. Ал бұл дегеніңіз қазіргідей нарықты экономика кезінде зор маңызға ие екені айтпаса да түсінікті.
ҚОҒАМ
07 желтоксан 2013 г.
1 247
0
Банк салымшылары салымға орналастырылған ақшаларынан айырылып қалу мүмкіндіктерінен қаншалықты сақталатынына көңіл бөледі. Оқырмандардың ең маңызды сауалдарына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мамандарын жауап беруді сұрадық.
ҚОҒАМ
07 желтоксан 2013 г.
1 021
0
Ең әуелі «оралман» сөзіне келейік. Турасын айтсақ, мұндай сөз бұрын-соңды төл тілімізде болған жоқ. Сөз туады, түлейді, түрленеді. Оның өзі тіл әлеміндегі заңды табиғи құбылыс екендігі даусыз. «Ман, мен» жұрнақтарын (аффикстер) қосу арқылы туынды сөз жасау үрдісі тілімізде» біраздан бері қолданылып келеді. Мәселен, «тыңдарман, оқырман, көрермен деген тәрізді сөздер сол үрдістің нәтижесі. Әлгі оралман да сондай жолмен жасалған жаңа туынды сөз.
ҚОҒАМ
07 желтоксан 2013 г.
1 505
0