Туляремия – жәндіктер тарататын жұқпалы індет. Бұл кеселдің өзіне тән арнаулы қоздырғышы бар. Оны «тулярензе» дейді. Тулярензе – өте майда, ол дененің терісі, танау, ауыз және тыныс жолдарының шырышты қабықтары арқылы да өте алады.
ҚОҒАМ
28 желтоксан 2013 г.
4 004
0
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені, біздің ана тіліміз – Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі де болуы керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
ҚОҒАМ
28 желтоксан 2013 г.
1 136
0
Бүгінгі таңда бюджет қаржысын игеру мемлекеттің экономикалық саясатының өзекті буыны болып табылады. Осы мәселеге орай 2013 жылдың 23 қазанында Елбасы арнайы мәселе қарап, атқарушы билік органдарына тиісті міндеттер жүктеген болатын. Аталмыш мәжілісте Елбасының берген тапсырмасына орай облыс әкімі тарапынан облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 2013 жылдың соңына дейін жоспарланған бюджет қаражатын толық атқару, оның ішінде республикалық бюджет қаржысын 100 пайызға игеру жөнінде тапсырма берілген болатын.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
1 026
0
Пайдалы қазбалардың ішінде ең маңыздысы жерасты сулары, оның ішінде шаруашылық және ауыз су мақсатында суға пайдаланатын жерасты сулары болып табылады. Мамандардың болжамы бойынша таяу болашақта ауыз судың құны мұнайдың құнына жақындауы мүмкін. Бұл суға қатысты мәселенің қаншалықты өткір қойылып отырғанын аңғартады. Ал, Қызылорда облысының жерасты сулары ешқашан геологтардың назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда да зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Аталған бағытта қолға алынып жатқан жұмыстар барысын баяндап беруін өтінген газет тілшісі облыс бойынша жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергеновке жолыққан еді.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
2 288
0
Қазағымның ата кәсібі мал шаруашылығы болатын. Yйір-үйір жылқы, қора-қора қой мен ешкі, яғни, төрт түлік мал өсірген аталарымыздың ақ дастарқанынан сары май мен ақ айран арылмайтын.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
1 081
0
Аз уақыттан соң өткен жылды өткеріп, келер жылға қадам басамыз. Әр жыл өз несібесімен келетінін ескерсек, биылғы жыл еліміз үшін берекелі жыл болды деп айтуға болады. Оны еліміздің дамудың даңғыл жолына түсіп, қай салада болмасын көш ілгерілеп келе жатқандығынан байқаймыз. Бүгінгі күні қазақ елі Елбасының пайымды парасатының, бейбітшілік деген қастерлі ұғымның арқасында өзімізге өнеге, өзгелерге үлгі болып келеді. Қашанда өткеніне шүкірлік ете білетін қазақ халқы басына қонған бұл бақты жан дүниесімен сезініп, қастерлейтіні сөзсіз.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
1 236
0
Атақты адамдардың есімі мен ата-тегін иеленген балаларымыз аз емес. Біздің өңірдің өзінде Мағжан Жұмабай, Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлеймен, Мақпал Жүнісова секілді жас буын өсіп келеді. Осындай ырымдап қойылған аттың бірін Әліби есімді он бір жасар қызылордалық алып жүр. Ал, оның әкесінің аты – Жангелді.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
2 214
0
Адамның кәсіби біліктілігі көп мәселені шешеді екен. Оған өмірдің өзінен көз жеткізуге болады. Арал қаласының әкімі Дәуренбек Мәденовпен сұхбаттасу сәтінде осындай тұжырымға келдім. Мұның мәнісі де бар. Кеңес империясының кезінде атағы дүркіреген шаһардың тізгінін ұстау оңай емес. Абырой әрі асқан жауапкершілік жүктейді. Дәуренбек болса аудандық мәслихаттың үш бірдей шақырылымның депутаты атанды. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылау бекетінің мүшесі. Президенттің, облыс, аудан әкімінің алғыс хаты, ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы, «Еңбек даңқы» белгісі, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған азамат. Мамандығы – құрылысшы.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
1 006
0
Кешегі кеңес дәуірінде облыстың ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен азаматтарға Батырбек Ысқақовтың есімі жақсы таныс. Ол сол кезде ең жас директордың бірі болды. Қырықтың қырқасына шыққанға дейін қос шаруашылықты басқарған іскер басшымен қызметтес болған, аралас-құралас жүрген азаматтар оның еңбекқорлығын, ұйымдастырушылық қабілетін, арының тазалығын, ел мүддесін жоғары қоятын тамаша қасиетін жақсы біледі. Өзге «қызыл директорлар» секілді артық дүниеге қызықпаған, өзі өмірінде артықша тұрмыстық жағдай жасамаған Батекең бар білімін, күш-жігерін, ұйымдастырушылық қабілетін қоғамның дамуына арнады. Сондықтан ел алдында абыройы асқақ азаматтың кісілігіне тұлғасы, көркіне көңілі, парасатына ақылы сай десем, қателеспеймін.
ҚОҒАМ
24 желтоксан 2013 г.
1 004
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс» деген болатын. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға қашанда жігер мен қайсарлы мінез тән. Алайда, қазіргі күні өзінің азаматтық парызын орындаудан, әскерге барудан жалтаратындар қатары азаймай отыр.
ҚОҒАМ
21 желтоксан 2013 г.
1 385
0