БОЛАШАҒЫ ЗОР ЕЛДІҢ БАҚЫТЫ БАЯНДЫ БОЛМАҚ

Аз уақыттан соң өткен жылды өткеріп, келер жылға қадам басамыз. Әр жыл өз несібесімен келетінін ескерсек, биылғы жыл еліміз үшін берекелі жыл болды деп айтуға болады. Оны еліміздің дамудың даңғыл жолына түсіп, қай салада болмасын көш ілгерілеп келе жатқандығынан байқаймыз. Бүгінгі күні қазақ елі Елбасының пайымды парасатының, бейбітшілік деген қастерлі ұғымның арқасында  өзімізге өнеге, өзгелерге үлгі болып келеді. Қашанда өткеніне шүкірлік ете білетін қазақ халқы басына қонған бұл бақты жан дүниесімен сезініп, қастерлейтіні сөзсіз. Биыл тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын атап өттік. Бұл еліміздің ең үлкен жеңісі болса, осы уақыт аралығында жеткен жетістігіміз жетерлік. Соның бірі қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің сақталуы. Осының негізінде Қазақстан  әлемдік қауымдастық таныған елге айналды. Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды рөл атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз» деген болатын. Бұл дегеніміз, дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын мықты, өрісі кең халық екенін әлем танитындығының белгісі деп білемін. Осындай елдікті сақтап, халықтың бірлігін ұстап отырған Президенті,  бәсекелестікке қабілетті, өркениетті елі бар халқымыз бүгінгі күннің бақытты ұрпағы.
Батырхан БЕКЕТОВ, 
ЗК 169-1 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары.

ҚОҒАМ 24 желтоксан 2013 г. 1 236 0