«Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды» дегендей, Жылан жылының қысы қызылордалықтарды айтудай-ақ әбігерге салуда. Аймаққа қар жылдағыға қарағанда кеш, яғни, желтоқсан айының соңына таман түсті десек те, кейде екі-үш күн қатарынан толассыз қар жауып тұрған кездер жиі қайталанды. Облыс орталығын осынау сіреу қардан тазарту жұмыстары «Қала тазалығы» ЖШС-ның үлесінде қалып отыр. Газет тілшісі аталмыш құрылым директорының орынбасары Сейдалы Егембергеновпен тілдескен еді.
ҚОҒАМ
04 ақпан 2014 г.
1 287
0
Адам өмірінде кіндігі кесілген мекен киелі саналады. «Туған жер – тұғырың» дейді халық даналығы. Оның қадір-қасиеті туралы айтып тауыса алмайсың. Ауыл – әр адамның бесігі, арқасүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.
ҚОҒАМ
04 ақпан 2014 г.
1 693
0
Тәуелсіз еліміздің Ата заңында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екені айқындалған. Конституцияда көрсетілген бұлжымас қағидатты негізге ала отырып, өткен 20 жылда жергілікті өкілді органдар халық билігінің негізгі формасы ретінде қалыптасты. Халық өзі сайлаған өкілдері – мәслихат депутаттары арқылы еріктері мен тілектерін еркін білдіреді. Мәслихат қоғамдық маңызы бар салаларда белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарға сай азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мүдделі.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 426
0
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына жолдаған Жолдауында біздің мемлекетіміздің болашақта жүзеге асыруға тиісті бірнеше жобалары атап көрсетілді. Бұл ірі жобалардың қай-қайсысы болмасын, еліміздің экономикалық жағынан серпінді дамып, алдыңғы елдер қатарына қосылуға берік негіз қалайды. Ал, экономиканың жақсаруы халықтың әл-ауқаты артуының негізі болып табылады.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 233
0
Бейсенбіде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы талқыланды.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 619
0
Жер-Ананың жағдайы жалпақ жұрт үшін маңызды екендігі баршаға аян. «Жер семіз болса – дән егіз, мал семіз болса – төл егіз» деген қазақтың дана сөзі ойымызды дөп басады. Сондай-ақ, «Не ексең, соны орасың» дейді. Бүгінде бұл қағида аздап толықтыруды қажет етеді. Өйткені, еккен егінің, төккен терің төлеусіз болып қалатын жағдай жиі кездеседі. Бұл – жердің құнарын сақтау біліктілігінің жоқтығынан туатын келеңсіз құбылыс. Кез келген мемлекет қоршаған ортаның өзгерісіне өз дәрежесінде көңіл бөліп отырғаны абзал. Өндіріс дамыған ғасырда табанымыз басып, тіршілігімізге қажетті азық-түлік өндіріп отырған топырақтың таза әрі құнарлы болуына бізде әрдайым жағдай жасала бермейді. Адамзаттың асыл қорегін қамтамасыз етіп отырған табиғи орта экологиясының бұзылуына табиғатты үнемді және дұрыс пайдаланудағы олқылықтар мен жүйесіз шаруашылықтар қызметі тікелей әсер етуде.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
2 757
0
Балалар тәрбиесінде балалар ойынының алатын орны ерекше. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Мысалы, «Қол сақина» ойыны балалардың шығармашылықтарын дамытса, «Ақсерек-Көксерек», «Орамал тастамақ», «Аударыспақ», «Арқан тартыс», «Көкпар» сияқты ойындар балалардың күш-жігері мен байқампаздық пен сезімталдықты, «Тоғыз құмалақ» ойыны баланың ойлау қабілетін арттырады.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 982
0
Қызылорда қалалық прокуратурасы заңсыз аңшылық жасап, балық аулау және тыйым салынған өсімдіктерді кесіп, табиғатқа зиян тигізушілердің жолын кесуде бірлескен рейдтер ұйымдастыруда.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 063
0
Сыр өңірі жұртшылығына қызыл қанат қырғауыл жақсы таныс болғанымен, оның арғы аталас туысы тауыс құсын көпшілігіміздің біле бермейтіндігімізді несіне жасырамыз. Ертегілерде, аңыз әңгімелерде көбірек айтылатын құлаш жарым құйрығы бар өзгеше құсты «Бақыт құсы» деп әспеттейтін көрінеді. Өзі де бір әдеміліктің үлгісі іспетті. Ғалымдар оны тауықтәрізділер отрядының қырғауыл тұқымдастар қатарына жатқызатын болғандықтан да құйрығын желпуіш секілді жайып жіберіп, неше түрлі құлпыртатын тауысыңызды кәдімгі қазақы әдетімізбен өзімізге жақындатыңқырап, қырғауылдың туысқаны екен деп отырған жайымыз бар. Оның үстіне бұл сирек кездесетін құсыңыз Шиелідегі Ниязбек Нұрманов деген жігіттің ауласында емін-еркін жайылып, тауық шартағына қонақтап жүрсе, әлгі жоғарғыдағы ойымыз тіптен жаңсақ емес тәрізді.
ҚОҒАМ
01 ақпан 2014 г.
1 625
0
«Алаштың анасы» атанған Сырдың бойы өз бақытын еңбектен тапқан азаматтарға, туған елі мен жерін көркейтуге үлес қосқан перзенттерге кенде емес. Отанының, туған өлкесінің өсіп-өркендеуі жолында қалтқысыз қызмет еткен сондай жандардың бірі бүгін біз әңгіме еткелі отырған Баку Өтегенұлы Өтегенов.
ҚОҒАМ
30 қаңтар 2014 г.
1 273
0