Кеңес жүйесі тараған соң, 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын Жоғарғы Кеңес бірауыздан қабылдады. Ал, 1995 жылы 30 тамызда Бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды. Еліміздің соңғы 19 жылда жеткен жетістіктері осы Конституцияның және оның негізінде қабылданған заңнаманың нақты нәтижелері.
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
1 373
0
Зырлап өтіп бара жатқан уақыт емес пе, газет тапсырмасымен үлгілі шаруа қожалықтарының бірі саналатын «Сейтжанов» шаруа қожалығының дала қосына алғаш барғанымда 2001 жылдың күзі еді. Шиелі ауданының Ақтоған ауылынан қырық шақырымдай егістік алқапқа «УАЗ» көлігімен зорға жеткенбіз. Жолы да ойқы-шойқы, тәуір жол тереміз деп бірде канал жағалап, бірде төменнен сүрлеу іздеп әуре болғанымыз да есімде. Бұрқыраған шаң. Сол кездегі аудан әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары Мұхамеджан Сүйіндіков осылай итшілеп жүріп, жол бастап дала қосына апарып еді. Содан бері де он үш жылдың өте шыққаны ғой.
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
961
0
Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Бұл – ата-ана үшін қарбаласқа толы сәт. Бар ықыласын салып, баласының мектепке сақадай сай болып баруы үшін қолдан келгенін жасауда. Ал, базарға бағыт бұрсаңыз, мектеп формасы мен оқу құралдары самсап тұр. Оқушыға қажеттінің бәрін табуға болады. Бірақ қаражаты да қалта қағарлық. Сонымен балаңыз мектепке дайын ба?
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
975
0
Күзге салым ел-жұрт жерден өнген ел-сел өнімнен ауыз тиеді. Әсіресе, диқандар қауымы мәпелеп өсірген бақша дақылдарының орны бөлек. Сары ала жапырақты мезгілде таңдайыңа татырлық қауын мен қарбызды сүйсіне жемейтін адам жоқ шығар, сірә. Жылдың осы бір шағын берекенің бастауы деп бағалаймыз. Диқандар қауымы осылайша қалың елге өз тарту-таралғысын ұсынады. Осы бір кезең лезде аяқталып қалады. Себебі, дақылдарды сақтайтын қоймалар жоқтың қасы. Аталған дақылдан өнім шығару ісі де өз деңгейіне жете алмай отыр.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2014 г.
2 039
0
Шалғайдағы елді мекендерді түрлі жедел ақпаратпен қамтамасыз етуде «Отау ТВ» жерсеріктестік телевизиясының алар орны ерекше. Аналогты эфирлік хабарлар көру арқылы екі телеарнадан артық каналдарды көре алмайтын тұрғындар бүгінде аталмыш желі негізінде 45 қазақстандық телеарна мен радиоға қосылуға мүмкіндік алып отыр. Осы ретте өңірдегі Ұлттық жерсеріктік телевизияның қызметі, оның басты ерекшелігі турасында «Қазтелерадио» АҚ Қызылорда ОРТД директорының орынбасары Өркен Абилаевпен сұхбаттасқан едік.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2014 г.
1 457
0
Тамыз айы қашанда қарбаласқа толы кезең екені әмбеге аян. Әсіресе жаңа оқу жылы қарсаңындағы мектеп оқушыларының дайындығы өз алдына бір төбе. Әр бала алтын ұя мектебіне жаңа да жарасымды киіммен, әдемі де көз тартарлық сумкамен барғысы келеді. Базардағылардың қолы жүретін кезеңі де осы тұс. Олар көпшілікке көрген көзді жаулайтын небір әсем киімдерді ұсынады, бірінен-бірі өткен әр киімнің бағасы да бас айналдырады. Мәселен, бастауыш сыныпқа баратын баланың бір киер киімдерінің өзіне ғана төменгі бағамен есептегенде 30-35 мың теңге кетеді екен. Ақ көйлектің өзі 1800-2000 теңге, туфли 3000, костюм-шалбар 5-6 мың, қыздардың юбка-кофтасы 6-6,5 мың, спорттық киім 4,5-5 мың, кроссовки 3-4 мың теңге тұратынын ескерсек, арғы жағы өз өзінен белгілі. Әрине, әр қазақ отбасында мектепке баратын оқушы саны бір-екі баламен шектелмейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде мектепке бір отбасының өзінен кемінде 4-5 бала баратыны анық. Сондай отбасына бір киер киім үшін қанша қаражат керегін есептей беріңіз.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2014 г.
1 392
0
Бір ғана ой. Санаға тыным бермейді. Екі көзін бір нүктеден айырмай, жол тосады. Кімді күтеді? Қашан келеді? Бәлкім, келер, бәлкім, келмес. Бірақ үміт үзілмек емес. "Менің де өзгелер секілді бір күні ата-анам келіп, қолымнан жетектеп, айналып, толғанып өз үйіме, ортама алып кетер” деген ниетпен ғана алға ұмтылады. Осы бір әлсіз ғана үміт оны жігерлендіреді, қайрайды, бойына қуат береді. Кейде санасын арбаған сансыз сұрақтар миын шырмап, іштей өз-өзімен айқасып жатады. Толассыз сұрақтың түйіні қашан шешілер екен, сірә. Бұл әрбір тастанды баланың көкейіндегі болып жатқан құбылыстар...
ҚОҒАМ
21 тамыз 2014 г.
1 343
0
Қарттар үйі. Үлкен көшенің бойында тұрған бұл мекеннің ресми атауы басқа болғанымен, халық осылай дейді. Қартайған шағында тасмаңдай тағдырдан теперіш көрген жандардың маңдай тірейтін соңғы аялдамасы. Сан түрлі ойлар санаңды шырмайды. Қарайласатын қарасы жоқтың да, төрт құбыласы түгел қарттардың туған үйінен, немере-шөбере шаттығынан жырақта тұрып жатқанына кім жауапты
ҚОҒАМ
19 тамыз 2014 г.
811
0
Елбасымыздың Жолдауына байланысты жастарды қолдау, еңбекке тарту барысында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы енгізілгені белгілі. Осы құжат арқылы өз қатарларымның қазақтың қарашаңырағы – ауылға келіп, еңбек етуіне, ертеңге деген сенімінің молайғандығына қуанамын.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2014 г.
2 072
0
Кез келген елдің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары мен міндеттері және құқықтары көрсетіледі. Конституция саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз берген Ата заңымыз болып табылады. Себебі, елімізде болып жатқан саяси, экономикалық, құқықтық шаралар осы Ата Заңымыз негізінде туындайды. Өйткені, барлық қоғамдық қатынастар тиісті заңдармен реттеледі.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2014 г.
3 150
0