Ата Заң – жарқын болашағымыздың кепілі

Кеңес жүйесі тараған соң, 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз қа­зақ мемлекетінің тұңғыш Конс­титуциясын Жоғарғы Кеңес бір­ауыздан қабылдады. Ал, 1995 жы­лы 30 тамызда Бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде қазіргі қол­­даныстағы Конституция қа­был­­данды. Еліміздің соңғы 19 жылда жеткен жетістіктері осы Конституцияның және оның негі­зінде қабылданған заң­нама­ның нақты нәтижелері.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біз­дің тапқан табыстарымыздың бү­­кіл кешенін баянды етті». Қас­терлі құндылықтарды бұл­жытпай орындаудың нәти­же­сінде қысқа мерзімде мемле­кет егемендікті тұғырлы етіп, мызғымас тәуелсіздікті орнат­ты. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ре­тін­де Отанымыздың бірлігін бе­кемдеп, елдегі тұрақтылық пен та­тулықтың берік тұтқасы болды. Жаңа Конституция қабылдау ар­қылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Президент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев «біздің Конс­титуцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қо­жасы болуы кез келген қа­зынадан бағалы» дей келе, мем­лекеттік биліктің қайнар көзі ха­лықтың өзі екенін айқындады. Себебі, Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құ­қықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалды. Конституцияда Республика қыз­метiнiң түбегейлi принциптерi ре­тінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игi­лiгiн көздейтiн экономикалық да­му, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiс­термен, оның iшiнде респуб­ли­ка­лық референдумда немесе Пар­ламентте дауыс беру арқылы шешу белгіленді.

Осылайша, Ата Заң мемлеке­тіміздің қуатына айналды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, тату­лығы жарасқан қазақ елінің, Қа­зақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Конституцияда ешкiмдi жынысына, нәсiлiне, ұл­тына, тiлiне, дiнге көзқарасына жә­не басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Мұ­ны­мен бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық, барлық халықтың игі­лі­гіне экономикалық даму се­кіл­ді басты конституциялық қағи­даттар қамтамасыз етіледі. Конс­титуцияның негізінде зама­науи мемлекеттік механизм жә­не құқықтық жүйе құрылды, ти­імді экономиканың іргетасы қа­ланды, адамның құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз еті­леді. Ең бастысы, біздің басты игілігіміз – бейбітшілік пен тату­лық мызғымайды.

Ата Заңымыздың жетістіктері­нің бірі – адам құқығы толық ес­керілмеген, қорғалмаған деклара­циялардан бас тартуы. Ата Заң­ның «Адам және адамзат» де­ген бөлімінде бекітілген бар­лық заң­дар егжей-тегжейлі қарас­ты­рылған. Ондағы заңдар адам өмі­рінің күнделікті өмірінде қолданысқа ие. Ата Заңның негізгі ма­ңызын айтатын болсақ, дамыған демократиялық мемлекеттерде бір­де-бір адам өзінің құқығы мен бостандығын Ата Заңсыз елес­тете алмайды. Басқаша айт­қанда, олар күнделікті өмірде өз­дерінің құқығы мен заңдарын қор­ғау үшін Конституцияда бекі­тілген заңнамаларға жүгінеді. Конституция осылайша халыққа қызмет етіп, олардың тірегіне ай­налады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын Конс­титуцияда екі маңызды тә­сіл бекітілді: сот арқылы және әкімшілік.

Бірінші кезеңде бұл өз құқық­тары мен бостандықтарын сот ар­қылы қорғалуына құқығы. Құ­қықтық мемлекет жағдайында тәу­елсіз сот адамның құқығын қор­ғауының негізгі құралы бо­лып табылады. Еліміздің Конс­титуциясы азаматтардың сот төре­лігіне еркін қол жеткізуін белгілеп, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына кепілдік береді. Және де Ата Заңымыздың VII бөлімінде соттар мен сот төрелігі жайлы ай­тылған. Конституция бойынша еге­мен елімізде сот жүйесі мем­лекеттік биліктің бір тармағы бо­лып танылады. Осының өзі сот­тың ерекше маңыздылығын нақты айшықтайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қан­дай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бой­ынша жауапкершiлiкке әкеп со­ға­ды. Нақты iстер бойынша су­дьялар есеп бермейдi. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәу­елсiз және Конституция мен заң­ға ғана бағынады. Сондай-ақ, 79-бапта «Судьяны тұтқынға алу­ға, күштеп әкелуге, оған сот тәр­тiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жа­за­лау шараларын қолдануға, қыл­мыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қос­пағанда, Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң қорытындысына не­гiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конс­ти­туцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағ­дайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға бол­майды» деп судьялардың мәр­тебесі көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қа­­зақстан Республикасындағы сот­тар мен судьялардың мәртебесі ту­ралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішін­де судьялардың құқықтық жә­не әлеуметтік кепілдіктерін айқын­дап берді.

Сот жүйесінде сот ақпаратта­рын тіркеуде қазіргі заманғы же­тік техникалық құралдарын ен­діру, осыған байланысты ке­ліп түскен барлық істер тек ком­пьютер арқылы судьяларға бө­ліне отырып, оларды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне күнделікті ен­гі­зу дамып келеді. 19 жылда сот жүйесінде ашықтық пен жария­лылық алдыңғы қатарға шықты. Мәселен, бүгінде Қызылорда об­лыстық сотының сайтында сот за­лында қаралатын істердің тізімі жарияланып, ашық өтетін сот оты­рыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қаты­суына шектеу келтірілмейді. Сон­дай-ақ, ай сайын облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда тұрақты түрде «Ашық есік күндері» өткізіледі. Онда сот төрағалары мен судьялары ке­лу­шілердің көкейінде жүрген сау­алдарына заңи тұрғыдан жауаптар береді. Еліміздің конституциясын негізге ала отырып, халықтың өз құқықтары түсіндіріледі. Соны­мен қатар, Қызылорда облыстық соты жыл сайын Қазақстан Рес­публикасының Конституция кү­нінде салтанатты жиналыс өткізіп, іс-шара барысында сот саласына еңбегі сіңген судьялар мен сот қызметкерлерін марапаттап, жи­ын соңын мерекелік концертке ұластыруды үрдіске айналдырған.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бір­лі­гіне жол бастаған Ата Заңда бе­кітілген республикамыздың тұ­ғырлы қағидаттары бүгінде өзі­нің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Қазақстан халықаралық қоғам­дастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілді. Әрбір қа­зақстандық келешекке керуен тарт­қан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – Конс­титуцияның мемлекет пен қо­ғам үшін ғана емес, өзінің же­ке басы мен отбасы үшін де ма­ңыздылығын терең се­зінді.

Әлемдік деңгейдегі беделі­міз­дің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі бол­ған Ата Заң күнімен бар­ша қа­зақ­стандықтарды құттықтай­мын!

Нұрлан ҚАЙЫРБЕКОВ,

Қызылорда облыстық сотының төрағасы.


ҚОҒАМ 26 тамыз 2014 г. 1 373 0