"Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистральдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. "Екібастұз-Семей-Өскемен” және "Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы” бағыттарында жоғары кернеулі желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді”. Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
ҚОҒАМ
29 қараша 2014 г.
1 024
0
2005 жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келгенде алғашқы аялдаған жері Арал қаласы болды. Мемлекет басшысы мұнда қайта жарақтандырылған су құбырының пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Халықты таза сумен қамтамасыз ететін осы нысанды іске қосып тұрған сәтінде Елбасы: – "Мен Аралға көмек көрсетемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын. Осыдан он жыл бұрын мұндай жобаны қиял түрінде ғана көз алдымызға елестетуші едік. Бұл – Арал өңірін экологиялық, әлеуметтік тұрғыдан сауықтыруға бағытталып отырған маңызды жоба. Әрине, мұның барлығы экономиканың өркендеуінің, еңсемізді тіктеп алуымыздың, тәуелсіздігіміздің арқасында мүмкін болды. Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталғанда қосымша 30 млрд. текше метр су айдыны пайда болады. Оның осы өңір халқының тіршілігіне қаншалықты оңды ықпал жасайтынын өздеріңіз бағамдай беріңіздер. Міне, сол шындыққа айналды. Тағы да қайталап айтамын, мен арманыма жеттім. Арал өңіріне жасалып жатқан мұндай қамқорлық еш жерде жоқ екенін ашық мойындауымыз керек. Мемлекет өзінің мүмкіндігі нәтижесінде осындай ірі шараларды жүзеге асыра алды” – деп еді.
ҚОҒАМ
29 қараша 2014 г.
1 099
0
Қазақстанның қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі баға жетпес. Бірінші желтоқсанда Қазақстан біздің Ұлы Отанымыздың ең жаңа тарихындағы атақты датаны – жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Ол Қазақстанның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайды.
ҚОҒАМ
29 қараша 2014 г.
1 268
0
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 24 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 - 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
667
0
Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде жастармен заң бұзушылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» болып өтті. Ауылдың белсенді жастары мен мұғалімдер және полиция қызметкерлері қатысқан басқосудың мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мен қоғамдағы өз орнын табуға дағдыландыру.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
798
0
"Қазақстан ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі. Сондықтан аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. "Елдің өркенін білгің келсе, жолыңа қара” деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен”.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 884
0
Жаны жарқын, көңілі дархан Сыр елінің халқы Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Тарихымыздың талай қатпарларын қойнына басып жатқан Сырдария сырлары кімді болса да елең еткізетіні белгілі. Содан да болар, "Алаштың анасы” деп бағалағаны. Елбасы әрдайым Сырға назар салуы жігерімізді жанып, бәрімізді жаңа белестерге жетелейді.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 134
0
Елбасының бастамасымен қолға алынған "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу” жобасы – ғасыр жобасы. Теңіздің қазақстандық бөлігін сақтап қалуда теңдессіз іс жүзеге асырылуда.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
989
0
Қолымыздағы бұл суретте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысынан шыққан Еңбек Ерлері Шырынкүл Қазанбаева мен Жадыра Таспанбетова, Сәлима Жұмабековамен әңгімелесіп тұрған сәті бейнеленген.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 063
0
Нұрсұлтан күнделікті жұмысына асығады. Айналасындағылармен етене араласып, емен-жарқын сөйлеседі. Құрдастары ойын-шынын араластыра "Президенттің аттасы жетерлік, алайда, сен секілді үлкен кісінің шапағатын көргені кемде- кем” деп үнемі еске салып отырады. "Балдырғандай әжесі болмағаны үшін өздері кінәлі” дейді Нұрсұлтан да есесін жібермей. Әжесі еске түссе, бойын тәтті сағыныш кернейді. Әжесі қандай еді?! Талайды өзінің адал да тындырымды еңбегімен, тура айтар мінезімен таңдандырған Елбасының атын иеленіп, әжесінің тәрбиесін көрген Нұрсұлтан Әбілдаев әркез өзіне қадірлі болған осы екі жанның, ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтауға ұмтылады. Мектепте де, жоғары оқу орнында да осы міндетті орындауды басты қағидасына айналдырды. Өткенде Астанадан жоғары көңіл күймен оралды. Елбасының қолтаңбасы қойылған "Президент пен Перзент” атты кітапты иеленді. Оның ішінде Елбасының шапағатын көрген, оның атын иеленген жандар туралы, олардың қазіргі өмірі мен қызметі туралы мағлұмат берілген. Нұрсұлтан Алтынбекұлы көркем безендіріліп, сапалы басылған кітап ішінен өзі туралы да оқып, бір марқайып қалды.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 143
0