ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

Қызылорда облысының кәсіп­кер­лік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 24 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 - 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министр­лігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеттері жұмыс жасайды. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы 49 жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92, АИ-80 маркалы бензиндері күнделікті қолма-қол түрде бөлшек сау­­дада сатылып жатқандығын хабарлайды.


ҚОҒАМ 25 қараша 2014 г. 667 0