« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Нұрсұлтан күнделікті жұмысына асығады. Айналасындағылармен етене араласып, емен-жарқын сөйлеседі. Құрдастары ойын-шынын араластыра "Президенттің аттасы жетерлік, алайда, сен секілді үлкен кісінің шапағатын көргені кемде- кем” деп үнемі еске салып отырады. "Балдырғандай әжесі болмағаны үшін өздері кінәлі” дейді Нұрсұлтан да есесін жібермей. Әжесі еске түссе, бойын тәтті сағыныш кернейді. Әжесі қандай еді?! Талайды өзінің адал да тындырымды еңбегімен, тура айтар мінезімен таңдандырған Елбасының атын иеленіп, әжесінің тәрбиесін көрген Нұрсұлтан Әбілдаев әркез өзіне қадірлі болған осы екі жанның, ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтауға ұмтылады. Мектепте де, жоғары оқу орнында да осы міндетті орындауды басты қағидасына айналдырды.
Өткенде Астанадан жоғары көңіл күймен оралды. Елбасының қолтаңбасы қойылған "Президент пен Перзент” атты кітапты иеленді. Оның ішінде Елбасының шапағатын көрген, оның атын иеленген жандар туралы, олардың қазіргі өмірі мен қызметі туралы мағлұмат берілген. Нұрсұлтан Алтынбекұлы көркем безендіріліп, сапалы басылған кітап ішінен өзі туралы да оқып, бір марқайып қалды.
Нұрсұлтан өзiне осы есiмдi берген Балдырған әжесiн әркез ризалықпен еске алады. Кезiнде ақ күрiштен тау тұрғызып, өзiнiң адал еңбегiмен Еңбек Ерi атанған Балдырған Мұстафаева немересiне Елбасының атын бергенде ұрпағының оған сәл де болса ұқсаса деген арманы екенiн үнемi айтып отыратын-ды. Өзiнiң Елбасымен түскен суретi әлi күнге қарашаңырақтың төрiнде iлулi. Онда төрт-бес жасар ұлттық киiм киген Нұрсұлтан Тұңғыш Президенттiң құшағында риза кейіпте еркін тұр. Сол сапарында Елбасы кiшкентай аттасына дойбы, ұшақтың макетiн сыйлаған. Одан кейін де әжесі үлкен кісінің өзі туралы үнемi сұрастыратынын айтып, өзінің атына лайық болуы қажеттiгiн құлағына құятын. Өзi жақсы көретiн әжесiнiң тәрбиесiнен, әлде Елбасының атын иеленгеннен кейін өзінің соған сай болуы қажеттігін сезiнген, соны өзіне мақсат еткендiктен болар, әйтеуiр Нұрсұлтан қатарынан кейiн қалуды үнемі өзiне ар санайтын. Қаладағы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектептi ойдағыдай бiтiрiп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнiң заң бөлiмiне оқуға түстi. Үнемі ізденіп, білмекке ұмтылып жүретін Нұрсұлтан университетте жүргенiнде Елбасымен тағы жүздесті. Бұдан тоғыз жыл бұрын Сыр өңiрiне келген сапарында Мемлекет басшысы студент Нұрсұлтанға өзiнiң қолтаңбасы бар сағат сыйлап, алдағы өмiрiне сәттiлiк тiлеген болатын. Өз тұстастарының алдында мерейі өскен Нұрсұлтанның өмірге деген құлшынысы, өзіне деген сенімі артты.
Қызылорданың күн өткен сайын ауқымы кеңейiп, сәулеттi нысандар, сәнді ғимараттар қатары көбейiп келедi. Туған жерiнiң аумағының өсіп, іргесінің кеңiгенін, сәулетi мен салтанатының артқанын әркiм де мақтаныш етерi хақ. Жаңалыққа жаны құмар Нұрсұлтан да үнемі солардың қатарында. Сыр халқы енді Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауын іске асыруға құлшыныс білдіруде.
Өткендi ой елегiнен өткiзген Нұрсұлтан Алтынбекұлы өзiнiң бала кезiнде Президенттен алған батасының қабыл болғанына әркез көз жеткiзгендей еді. Жоғары оқу орнын ойдағыдай бiтiрдi, әкесi Алтынбек пен анасы Маржанның өрiсiн ұзартып келiн түсiрiп, немере сүйгiзiп отыр. Өзi мемлекеттiк қызметте, ортасына сыйлы. Оны алға жетелейтiн өмiрге деген ынтасы мен өз-өзiне деген сенiмi, ертеңгі күнге деген құлшынысы. Тағы бір жаңалығы, Елбасының туған күні қарсаңында арнайы киноға да түсті. Демек, бүгінгі мемлекеттік қызметкер Нұрсұлтан Әбілдаевтың сонау бала шағында Елбасыдан алған ақ батасының бүгінде бақ батаға айналғаны, оның өз өмiрiн нұрлы жолға бастап келе жатқаны анық. Ол өз болашағының нұрлы болатынына, Елбасының, аяулы әжесінің риясыз көңілмен берген ақ батасы мен тілегінің орындалатына сенеді. Сол сенім оны алыс армандарға жетелеп келеді.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |