Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі

Қазақстан тәуелсіздігінің дәуіріҚазақстанның қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі баға жетпес. Бірінші желтоқсанда Қазақстан біздің Ұлы Отанымыздың ең жаңа тарихындағы атақты датаны – жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Ол Қазақстанның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайды.

Бұл мереке айрықша, теңдессіз, ол Елбасының жаңа Қазақстанды құру мен жасампаздандырудағы ора­­сан зор үлесін бейнелейді. 22 жылдан астам уақыттан бері Қа­зақ­­стан ашық тәуел­сіз мем­лекет ре­тінде дамып келеді. Тарихи қа­лып­тасқан жағдай сондай, біздің еліміз мемлекеттік тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақ­­стан та­ри­хының бетбұрысты сәтінде халық­тың еркіндік пен тәуел­сіздік туралы ғасырлық арманын жүзеге асырған да Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстан жүз­жылдықтарға тең жолды жүріп өтті. Ел Конституциясы қабыл­дан­ды, ұлттық валюта және егемен мемлекеттің өзге де атрибуттары енгізілді, оның ішінде, Ту, Елтаңба және Әнұран да бар. Тәуелсіздіктің қуатты тірегі – Қарулы Күштер құрылды. Елдің бүкіл периметрлері бойынша көршілес достас мемлекет­термен мемлекеттік шекара заңды тұрғыда ресімделді.

Күшті президенттік билік біздің елімізде саяси тұрақтылық пен тұ­рақты экономикалық дамуды қам­тамасыз етуде. Қазақстанда әкім­шілік-мемлекеттік басқару­дың мейлінше тиімді және оң­тай­лы моделі құрылды. Мем­ле­кет­тік биліктің айқын вертика­лы қа­лыптастырылды. Ол – жауап­кер­шілікті шағын Үкімет, кәсіби Пар­ламент, тәуелсіз сот, өңірлердегі өзін өзі басқарудың атқарушы құ­ры­лымдары. Осының бәрі жи­нақ­та­ла келіп, биліктің бірегей жүйелі мемлекеттік механизмін құрайды.

Елде демократиялық, азаматтық құқықтық қоғам дамуы жағдайында жұмыс істейтін ұлттық іскер басқару элитасы қалыптасты.

Президенттің ғаламат күш-жіге­рі­нің арқасында біздің еліміздің ха­лықаралық беделі нығайды. Қа­зақ­­стан қазіргі заманғы саты­да еу­разиялық кеңістікте ірі өңір­лік дер­жава мәртебесіне ие, халық­ара­лық қатынастар жүйесінде белсенді рөл атқарады және әлемнің сая­си кар­тасында лайықты орын ал­ды. Біздің мемлекетіміз БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ, ЮНЕСКО, ХВҚ және басқа да бе­­дел­­ді халықаралық ұй­ымдарға мүше.

2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болды. Оның сыртында Қазақстанның ең жаңа тарихында және еуразиялық кеңіст­ікте ал­ғаш рет 2010 жылдың 1 жел­тоқ­санында Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас­шы­лары­ның ай­рық­ша Саммиті өтті. Ол Елба­сы­ның және респуб­лика халқының абсо­люттік тарихи жеңісіне айналды.

Осылардың аясында Мемлекет басшысының аса зор және барынша көпқырлы қызметі көрініс табады. Тарих қалыптастырған жағдай сон­дай, Қазақстан бүгінде – көпұлтты мем­лекет. Біздің елімізде 130-дан ас­там ұлттардың өкілдері өмір сү­реді. Нұрсұлтан Назарбаевтың ке­мең­гер, ойластырылған және икем­ді саясатының арқасында біз­дің еліміз өтпелі транзиттік ке­зең­нің қиындықтарын еңсеріп, этнос­ара­лық негіздегі дау-жанжал­дардың ал­­дын ала білді. Ел Пре­зиденті ай­рықша институт – Қазақстан хал­қы Ассамблеясын құрды, оның 20 жылдығын біз 2015 жылы атап өт­пекпіз. Бүгінде ҚХА әлемде тең­десі жоқ құрылым.

Этносаралық қарым-қатынас­тарды үйлестіру, толеранттылық, келісім – осылардың бәрі Мемлекет басшысы саясатының негізіне ай­налды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ой­ынша, айрықша көптүрлілік ол әлсіздік емес, көптеген этнос­тық топ­тардың болуы біздің мем­ле­ке­ті­міздің жарқын палитрасы мен ай­шығы (мозаикасы) болып табы­ла­тындықтан, ол ел байлығы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық саясаткерлердің, сарапшылардың, саясаттанушылардың, мәде­ниет­та­ну­шылардың, журна­лис­тердің, ға­лым­дардың басты назарында, олар үшін ай­рықша модельге – бей­бітшілік пен келісімнің эта­ло­нына айналды. Және тек ол ға­на емес. Нұрсұлтан Назар­баев, шет­елдік сарапшылар мен көр­нек­ті саясаткерлер және эко­но­ми­калық қайраткерлер атап өте­тін­­дей, уақыттың сын-қатер­ле­рін сезімталдықпен және көре­ген­ділікпен дөп басатын халық­ара­лық деңгейдегі үлкен стратег. Мемле­кет басшысының «Нұрлы Жол – бо­лашаққа бастар жол» атты өз хал­қына соңғы Жолдауы соған дәлел. Онда Нұрсұлтан Назарбаев «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жыл­дар жаһандық сынақтардың уа­қы­ты болады. Әлемнің бүкіл архи­тектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мық­ты мемлекеттер, жұдырықтай жұ­мылған халықтар ғана өтетін бо­лады», деп атап көрсетеді.

Қазақстан геосаяси шиеленістің эпицентріне жақын орналасқан. Сондықтан Президент шұғыл түрде кейбір позицияларды қайта қарауға, сондай-ақ, жоспарларға түзетулер енгізуге шақырды. Атап өту керек, бұл жұмысты Мемлекет басшысы барлық уақытта да жүргізіп келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде ел экономикасына шамамен 200 млрд. доллардай инвестицияланды. Елге шетелдік компаниялар және солармен бірге жаңа әрі өте жаңа технологиялар келді. 2000 жылы Қазақстанда Ұлттық қор құрылды. Шағын және орта бизнес даму үс­тінде. Жаңа жұмыс орындары құ­рылуда. Халықтың тұрмыс дең­гейі артып келеді.

Қазақстан бүгінде – ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропада әлеу­мет­тік-экономикалық реформалар көшбасшысы. Экономикалық өсім қарқыны бойынша ол әлем­нің же­текші мемлекеттерінің қата­ры­на енеді. Елдің алтын-валюта ре­зерв­тері 100 млрд. доллардан асады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тұл­ғасы Үндістандағы Акбар, Ресейдегі Бірінші Петр, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Франциядағы Шарль Де Голь, Түркиядағы Мұстафа Ке­мал Ататүрік, Ұлыбританиядағы Мар­гарет Тэтчер, Қытайдағы Дэн Сяо­пин, Сингапурдағы Ли Куан Ю сияқты бұрынғы және қазіргі заман­ғы ірі тарихи қайраткерлермен теңдес.

Нұрсұлтан Назарбаев 1465 жылы алғашқы тәуелсіз Қазақ хан­дығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандар және дәстүрлі хан­дық би­лікті және қазақ мемле­кет­ті­лігін нығайтқан ХVІІІ ғасыр­да­ғы Қазақстанның ірі мемлекет қай­раткері Абылай хан сияқты біздің ұлы бабаларымыздың саясаты мен дәстүрлерін жалғастыруда.

Осынау бұрынғы және қазіргі заманғы ұлы тарихи тұлғаларды Нұрсұлтан Назарбаевпен Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген терең сүйіспеншілік және өз елін алға бастыруға деген орасан зор ниет біріктіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев – еу­­ра­зиялық кеңістіктегі ин­те­гра­циялық үдерістердің бас стратегі және архитекторы. Оның бастамасы бой­ынша құрылған Қазақстан, Ресей, Беларусьтің Кеден одағы мен БЭК және 2015 жылдың қаңтарында күшіне енетін Еуразиялық эконо­микалық одақ (ЕАЭО) соның дәлелі болып табылады.

Қазақстан бүгінде Достастықтың және жаңадан құрылып жатқан ЕАЭО-ның экономикалық локо­мотиві, Еуразия мен Орталық Азия­­ның көшбасшысы, ырғақты дамып келе жатқан өңірлік держава. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы біздің Елбасымыздың айрықша және стратегиялық жобасы болып табылады: жаңа нысандар, өнер­кәсіп кәсіпорындары іске қосылуда, жолдарға, мектептер­ге, ауруханаларға жөндеу жүргізілуде, қалалар мен ауылдарды көрік­тендіру және көгалдандыру жүзде­ген жаңа жұмыс орындарын ашу­да. Осылардың бәрі біздің елі­міздің жеделдете әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына негіз болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың біз­дің еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда хал­қы­мыздың рухын, оның ой-санасын, ойлау-пайымын, өнегелілік және рухани құндылықтарын, салт-дәс­түрлерін, мәдени-тарихи мұра­ла­рын қайта түлеткенін атап өту қажет. Мемлекет басшысының бас­тамасымен Қазақстанда және әлемде дәстүрлі діндер, өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы үнқатысу дамуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елімізге одан әрі табысты даму жолын көрсететін өзіндік компасқа айналған «Қазақ­стан-2050» ұзақ мерзімді айрықша Стратегия қабылдады.

ХХІ ғасырдың ерекше және ең әсем астанасы, Елбасының өзі бас архитекторы және сәулетшісі болып табылатын Астана – Қазақстанның інжу-маржаны, Мемлекет басшысы қызметінің тарихи триумфының символы болып табылады.

Астананың Дүниежүзілік ЭКС­ПО-2017 көрмесін өткі­зу ор­та­­лығы ретінде таң­далуы Қа­зақ­станның әлемдік қоғам­дас­тықта лайықты орын алатынын, ал біздің кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқымдағы жалпыға бірдей танылған саясаткер екенін тағы бір рет растады.

Қазақстанның бүгінде әлемде нарықтық экономикасы ырғақты дамыған, ірі экономикалық, өнер­­­кәсіптік, ғылыми, мәдени әлеу­еті және жаңа инновациялық тех­нологиялары бар қазіргі заманғы қалыптасқан жалпыға бірдей таны­мал мемлекетке айналуы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегі болып табылады. «Қазақстан. Астана және Нұрсұлтан Назарбаев» бірегей үш сөзі әлемде абсолюттік аксиома мен синонимге айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев – адам-дәуір. Іргелі базалық реформалар мен қайта жаңғыруларды қисынды соңына дейін шеберлікпен жеткізу және кәсіби қабілет Мемлекет басшысының ең басты ерекшелігі мен кредосы болып табылады. Пре­зидент саясаткердің таңғажайып қа­сиетіне: сұхбаттасын тыңдай бі­лу, әлемде бар барлық жаңаларды бойға сіңіру, сонымен бірге, өзінің көзқарасы мен ұстанымын әрбір азамат пен адамға жеткізе білу қасиетіне ие.

Қазақстан азаматтары үшін елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевты қазіргі заманғы ұлы реформатор және саяси көшбасшы ретіндегі тұлғасы мен көпқырлы қызметінің бүкіл ауқымдылығы мен тереңдігі айдан анық. Ол Қазақ­станның және әлемнің тарихына анағұрлым беделді және кемеңгер әлемдік мемлекет қайраткері және ХХІ ғасырдың ірі ойшыл ғалымы ретінде енді.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көпқырлы қызметінің дәуірі тарихи ретроспектива мәті­нінде Қазақстанның абсолюттік тарихи триумфын бейнелейді.

Жүргізілген реформалардың ге­незисі мен ауқымын терең түсіне және мойындай отырып, біздің тарихи жеңістеріміздің негізі туралы еріксіз ойға берілесің. Біз қазақ­стандық мемлекеттіліктің қалыптасу тарихының ең жауапты кезеңінде республиканы тарихи өзгерістер үдерісінде ұлтты ел азаматтары мен Қазақстанның жалпыұлттық бірлігі жолындағы игілікке жұмылдыра білу көріпкелдігі мен қабілетіне ие Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруы табыстардың негізі және қайнар көзі болды деп толық негізде және құқылы түрде айта аламыз.

Қазақстандықтардың келешек буыны Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың ұлы уақытын біздің мемлекеттілігіміздің алтын дәуірі деп атайды және тарихшы ретінде оған сенімім мол.

Марат ӨТЕУБАЕВ,

тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры.

«Егемен Қазақстан»,22 қараша 2014 жыл.


ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 268 0