ОРАЛМАНДЫ ОЙЛАНТҚАН МӘСЕЛЕ КӨП

"Болашақ” университетінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Болашақ жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оралмандардың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оған сала мамандары, жастар бірлестігінің белсенді мүшелері, оралмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жас­тар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мәстеков Сыр бойындағы шеттен оралған қандастарымыздың қазіргі таңдағы жай-күйіне тоқталды.
ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 930 0

Нұрлы болашақ Нұрлы жолдан бастау алмақ

2014 жылдың 11-қарашасы Қазақстанның даму жолындағы атаулы күндердің біріне айналды. Әлем назарын өзіне аудартқан Қазақстанның Көшбасшысы еліміздің барлық салалары бойынша дамудың әрі әлемдік дағдарыстан алып шығудың стратегиялық бағытын жария етті.
ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 1 091 0

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТАН СЕГІЗІНШІ ОРЫНДАМЫЗ

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуға жағдай жасау. Сондықтан Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясында маңызды сала ретінде спортқа да басымдық берілді. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Осы қағиданы мықты ұстану нәтижесінде соңғы жылдары өзге салалармен қоса, спорт саласына да үлкен бетбұрыс жасалып, көптеген спорт кешені бой көтеруде. Жалпы, спорт нысандарының көбеюі және қолжетімділігі аймақ тұрғындарының дене шынықтырумен шұғылдануына, бұқаралық және кәсіпқой спортты дамытуға зор серпін береді.
ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 887 0

Қазақстанның баспасөз қызметтері мен БАҚ-тары, бірігіңдер!

Қазақстанда мемлекеттік мекемелер­дің баспасөз қызметтерінің де, ірі компа­ния­лардың және барлық журналистер­дің де жұмысын айтарлықтай жеңілдететін интер­нет-портал ашылды. Бұдан былай өңірдегі баспасөз-хатшылары мен БАҚ-тардың ақпаратты алып және таратудағы мүмкіндігі елордалық әріптестерімен теңеседі.
ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 942 0

ҚАЛА КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

Шындығында, бүгінде әлемді жайлаған дағдарыс пен одан төнетін сын-қатерлерге жауап беруді ойластырған Елбасы Қазақстанның "Нұрлы жол” Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялады. Онда елімізді экономикалық тұрғыдан дамытудың құрылымдық реформаларын жалғастыру қажеттігі де айтылды. Соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға айрықша басымдық берілді.
ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 822 0

НИЕТІҢ ТҮЗУ, НЕКЕҢ АДАЛ БОЛСЫН

Бүгінде азаматтық неке ұғымы қоғамымызға таңсық емес. Шарасыздықтан қойылған бұл атауға күннен-күнге бәріміздің етіміз де, құлағымыз да үйреніп барады. Ешбір жерде тіркелмей, некесіз тұрып жатқан жандардың бұл іс-әрекетін «бейресми неке» деп те атап жүрміз.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 182 0

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МОЛАЙДЫ

Бүгінде жұмыс жасай бастағанына ширек ғасыр толып отырған «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы еліміздегі сол кезде қалыптасқан саяси, мәдени-рухани жағдаймен тікелей байланысты болды. 80-жылдардың аяғында қазақ тілінің қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын қолдану аясы тарылып, ана тілімізден айырылып қалу қаупі туды. Бұл қазақтың зиялы қауымын оятып, ғалымдар мен жазушылардан бастап ел азаматтары есін жиды.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 638 0
“БАЛАПАННЫҢ” БАЯНДЫ ЖОЛЫ

“БАЛАПАННЫҢ” БАЯНДЫ ЖОЛЫ

"Тұрақтылық пен келісім дегеніміз, ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты”. Бұл – Елбасының Жолдауында айтылған қағида. Рас, елде бейбітшілік заман болып, отбасының барлық түйткілдері шешімін тауып тұрса, әке мен ананың, олардың бауыр еті баласының денсаулығы мықты, тамағы тоқ, күлкісі шат, ұйқысы тыныш болса, одан артық бақыт бар ма?! Елбасы өз халқына жалпыұлттық идеямыз Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздіктің даму даңғылы Нұрлы жолға айналдырылғанын паш еткен болатын-ды. Келешегі кемел бұл Нұрлы жолда қазақстандықтар өздерінің бірлігін бекемдеп, аянбай тер төгуі қажет. Сонда барып Мәңгілік Елді бағдар еткен бағыт баянды болмақ.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 1 465 0

«ҰСТАЗДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ»

Адамгершіліктің басы адамның адамды іздеуінен бас­тау алса керек-ті. Нарықтық қатынастың қатал тәртібі ме, әлде пендеден мейірім қашып бара ма, осы күндері айналадағылар өзге түгілі жақын-жуықты іздеуден қалып бара жатқандай. Алайда, жаппай солай екен деп ауызды қу шөппен сүрте салу да әбестік болар, өйткені үлкеннен – ұлағат, кішіден ізет ғұрпын сақтағандар кезігіп қалады.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 898 0

Келелі келешек келбеті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында ғана жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты келешекке ұсынған жарқын бастамасы қазақ жұртының әлеуетіне үлкен әсерін тигізбек. Әсіресе, әрбір саланы инфрақұрылым ретінде қарап, олардың жұмыс жасау негізіне және алдағы уақытта дамуына үлес қосу жолы нақты сандармен көрсетілген.
ҚОҒАМ 03 желтоксан 2014 г. 969 0