ҚАЛА КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

Шындығында, бүгінде әлемді жайлаған дағдарыс пен одан төнетін сын-қатерлерге жауап беруді ойластырған Елбасы Қазақстанның "Нұрлы жол” Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялады. Онда елімізді экономикалық тұрғыдан дамытудың құрылымдық реформаларын жалғастыру қажеттігі де айтылды. Соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға айрықша басымдық берілді.

 

Расында, еліміздегі секілді, біздің об­лыс­та да шағын және орта кәсіпкерлік са­ласы жыл өткен сайын қарыштап да­мып келеді. Әсіресе, облыс орталығы – Қы­зылорда қаласында бұл бағыттағы жұ­мыстар қазіргі күні кең көлемде жүргі­зілуде. Оны осы бір биылғы жылдың өт­кен он айында қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3,7 пайызға өскендігінен де байқауға бола­ды. Соған сәйкес осы мерзімде шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық тү­сім­дері өткен жылдың тиісті кезеңімен са­лыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артып, ол 17,1 млрд. теңгені құрады. Бұл салық түсімінің көрсеткіші өткен жылмен салыс­тырғанда тоғыз пайызға артық екенін көрсетеді.

Негізі қалалық статистика басқар­ма­сы­ның мәліметіне сүйенсек, онда биылғы жыл­дың он айының қоры­тын­дысы бойын­ша өңдеуші өнеркәсіп са­ласында 24,1 млрд. теңгенің өнімі өн­дірілген. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрағанын көрсетеді.

Ерекше бір айтарлығы, "Бизнестің жол картасы-2020”бағдарламасы бой­ынша об­лыс көлемінде жүзеге асы­рылып жатқан жо­балардың 80 пайы­зы Қызылорда қала­сының үлесіне тие­ді. Нақтырақ айтқанда, облыс бой­ын­ша283 жоба жүзеге асыры­лып жат­са, соның 227 жобасы Қы­зыл­орда қа­ласында іске асырылуда. Осы жо­ба­лардың 183-і несиенің пайыздық став­касын мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен субсидиялау бойынша, 27 жоба ішінара кепілдендіру арқылы, ал, бір жоба экспортқа бағытталған кәсіпкерлерді қол­дау бойынша болса, 7 жоба қажетті инфра­құрылыммен қам­тамасыз ету бойынша жүзеге асы­рылуда.

Сонымен қатар Елбасы өз Жолдау­ында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін де тапсырды. Сөйтіп кәсіпкерлік саласын қолдау мен несиелендіруге ұлттық қордан миллиард­таған қаржы бөлді. Әрі осы мақсатта екінші деңгейлі банктер мен несие ұйым­дарын, сондай-ақ Азия банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкі және Дүние жүзілік банктің қызметін тиімді пайдалану қажеттігі де айтылды.

Осы орайда айтар болсақ, онда би­ылғы жылы ұлттық қордан өңдеуші өнер­кәсіп саласына екінші деңгейлі банк­тер арқылы бөлінген қаражат не­гі­зінде қалада 411 млн. теңгенің то­ғыз жобасы жүзеге асырылуда. Со­ның ішінде бұл жұмыстарда "Халық бан­кі” мен "Темірбанк” акцио­нер­лік қоғамдары белсенділік таны­ту­да. Атап айтқанда, осы банктердің қар­жы­­ландыруымен бүгінде қалада "К-Құ­рылыс” және "КАЙС-Сервис” жау­апкер­шілігі шектеулі серіктестіктері "Асфальт өндіру жобасын”, ал "Құрылыс” АҚ "Темірбетон бұйымдарын өндіру жобасын”, "Самат-мұнай” ЖШС "Қыш өндіру жобасын” және "ОMRАN LTD” ЖШС "Газоблок өндіру жобасын” іске асыруда. Мұнан бөлек "Асанова”, "Сайлигараева” және "Цой М.Б.” атты жеке кәсіпкерлер нан және тәтті тағамдар жобаларын қолға алған.

Мұнымен қоса шағын кәсіпкерлік су­бъектілерін тоғыз несие ұйымдары арқылы биыл 241,6 млн. теңгені құрайтын 119 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасы негізінде соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен бөлінген 610,3 млн. теңгеден 254 аза­мат шағын несие алып, өз кәсібін аш­ты. Нәтижесінде қалада 330 адам жұ­мыспен қамтылды. Сонымен қатар үстіміздегі жылы "Аграрлық несие кор­порациясы” АҚ филиалы арқылы 172,5 млн. теңгенің көлемінде 29 кәсіпкерге несие берілді.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі ин­дуст­риалды-инновациялық даму мем­лекеттік бағдарламасы аясында қалада өткен үш жылда жалпы құны 14,5 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 424 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, биылғы жылы Ин­дустрияландыру кар­тасы аясында және картадан тыс жалпы құны 1 млрд. 55 млн. теңгені құрайтын бес жоба іске қосылып, 105 адам жұмыспен қамтылды. Солардың қатарында "Хуа Ю интернационал в Кызылорде” ЖШС-ның "Химиялық реагенттер өндірісі”, "Әбса­дықова” жеке кәсіпкерінің "Гигие­налық қағаз шығаратын цехының құ­рылысы” мен "Smаrt Rubbеr” ЖШС "Жарамсыз авто­кө­­лік балондарын өң­деу арқылы резеңке ұн­тағын және жер­асты трубаларын шы­ғару” және "ЭКО-Н сервис” ЖШС "Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнем­деуші шамдарды жинау және тиімді пайдалану” мен "Қожаниязов” ЖК-ның "Күйдірілген кір­піш шығару өндірісін ұйымдастыру” жо­балары бар.

Мұнан бөлек, қалада биылғы жылдың соңына дейін жобалық құны 435,9 млн. теңгені құрайтын екі жоба да іске қо­сы­лып, 53 жаңа жұмыс орны ашылады деп кү­тілуде. Соның бірі, "Жан Арай Жем” ЖШС "Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құ­рама жем зауыты” жобасын пайдалануға беріп, 48 адамды жұмыспен қамтымақшы. Ал, екіншісі ол "Ақ Мерген” ЖШС-ның "Стен­ділік атуға арналған атқыштар ке­ше­нін ұйымдастыру жобасы. 60 млн. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылғанда бес жаңа жұмыс орны ашылады. Сөйтіп се­ріктестік жоба аясында жылына 180 мың адамға қызмет көрсететін болады.

Негізі Қызылорда қаласында алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі бойынша жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын сегіз жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Олар­дың қатарында құрылыс материал­да­рын шығару мен жылыжай кешенін салу және тауық жұмыртқаларын өндіру секілді ірі әрі маңызды жобалар бар. Жалпы бұл жобалар толықтай іске асқанда 384 адамға жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар келер жылы "Қызыл­орда қаласында арнайы және кешенді қо­рытпа өндіретін ферроқорытпа зауытының құрылысы” жобасын да жүзеге асыру жос­парлануда. Бұл жоба 450 млн. АҚШ дол­ларын құрайды. Онда мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Өндіріс орны пай­даланылуға берілгенде ол жылына 150 мың тонна ферросиллиций өндіретін болады.

Туризм саласын дамыту бойынша да қалада кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның бірін "Ме­лиоратор” ЖШС "Арай” мөлтек ауда­нында спорттық ойын-сауықтыру кеше­нін салуда. Бұл жобаның құны 1 млрд. 784 млн. теңге. Ол іске қосыл­ғанда 201 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен, Қызылорда қаласында 2013-2017 жылдар аралығында Ин­дуст­рияландыру картасы аясында және кар­та­дан тыс жалпы құны 79,4 млрд. теңгені құрайтын 44 жоба қолдауға ие болып, жүзеге асырылуда. Бұл жо­балар іске қосылғанда 2436 жаңа жұ­мыс орны ашылады деп күтілуде. Қа­лай дегенмен де, соңғы жылдары қаладағы кәсіпкерлік саласы қанатын кеңге жайып, ерекше қарқынмен да­мы­тылып келеді. Әрі кешенді түрде қолға алынып, жүргізіліп жатқан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.


ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 822 0