« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында ғана жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты келешекке ұсынған жарқын бастамасы қазақ жұртының әлеуетіне үлкен әсерін тигізбек. Әсіресе, әрбір саланы инфрақұрылым ретінде қарап, олардың жұмыс жасау негізіне және алдағы уақытта дамуына үлес қосу жолы нақты сандармен көрсетілген.
Біздің білім берудің, денсаулық сақтаудың, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.
Елбасы Жолдауында "Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал, ең бастысы, осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалатындығы” қарастырылған.
Болашақ ұрпақтың қалыптасуы бүгінгі берілген тәрбие мен білімге байланысты екені анық. Оларға сапалы білім берілуі үшін сапалы салынған мектеп қажет. Сондай мектептердің бірі – қаладағы 1248 орындық №264 мектеп-лицей. Ол заман талабына сай соңғы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Биылғы оқу жылын мектеп-лицей 2093 оқушы,76 сынып жиынтығымен және 200 мұғаліммен бастады.
Мектеп-лицейде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқуға арналған 76 кабинет болса, лабораториялық кабинет саны 6-ға жетіп отыр. Сонымен қатар білім ордасында жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, 4 технология, 3 информатика кабинеті бар.
Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану-математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. Сондықтан мектеп-лицейде жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылады, оған барлық жағдай жасалған. Мектепте шетел тілдерін, информатика, технология, физика, химия және биология пәндерін топтарға бөліп оқыту үшін барлығы 12 зертханалық және тәжірибелік кабинет жұмыс істейді.
2011 жылдан бастап мектеп-лицей жанынан «Қосымша білім беру орталығы» ашылды. Онда 5 түрлі үйірме, 9 маман жұмыс істейді. Ән айту, домбыра, сурет салу, күрес және хор үйірмелерінің мектеп оқушыларына берері мол. Сонымен қатар биылғы оқу жылында мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқыту үшін «Инклюзивті білім беру» орталығы ашылды.
«Ел үмітін – ер ақтар, ер үмітін – ел сақтар» демекші, Елбасының үмітін ақтау біздің еншімізде екенін жадымыздан шығармайық.
Күләш ЕЖЕТАЕВА,
№264 мектеп-лицейінің директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |