« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
"Болашақ” университетінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Болашақ жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оралмандардың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оған сала мамандары, жастар бірлестігінің белсенді мүшелері, оралмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мәстеков Сыр бойындағы шеттен оралған қандастарымыздың қазіргі таңдағы жай-күйіне тоқталды.
– Бұл күндері оралмандарды ел аймағына орналастыру ісімен 20-ға тарта үкіметтік емес ұйым айналысады,– деді төраға.– Облысқа биыл орта есеппен 505 мүшесі бар 219 отбасы қоныс аударған. Оралмандардың көп шоғырланған аймағы Жаңақорған ауданы, Тасбөгет кентіндегі бейімдеу орталығы мен Белкөл елді мекені. Шеттен келген қандастарымыз негізінен Қазақстан азаматтығын алудан, жұмыссыздықтан және баспаналы болудан қиындықтарға тап болады. Облыс басшысының қолдауымен жұмыс істеп отырған оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы алдағы уақытта қордаланған мәселелерді шешуге атсалысады.
Шарада қалалық тұрғын үй инспекциясы мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары оралмандарды тұрғын үй кезегіне қою, төленетін жәрдемақы, берілетін көмек төңірегінде әңгіме өрбітіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
– Тасбөгет кентіндегі оралмандарды бейімдеу орталығының әбден тозығы жеткеніне де, адам тұруға қауіпті деп саналғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Оның бұзылатыны жыл сайын әңгіме болады, алайда, оралмандар сол жерде әлі тұрып келеді. Егер бір жағдай бола қалса, оған кім жауапты,– деді сол орталық тұрғыны Үрлай Назарова.– Ал өзім 2006 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын, алайда, оның алға жылжитын түрі жоқ.
Биыл Тараз қаласында оралмандар үкімет басшыларымен жүздесіп, өздерінің түйткілді мәселелерін талқылаған болатын-ды. Сол жиынға Сыр өңірі оралмандары атынан қатысып қайтқан Сағынтай Жақыпбекова қандас бауырларын сабырлылыққа, шыдамдылыққа шақырды. Бәрінің де кезең-кезеңімен іске асырылатынына сенім білдірді. Ал Айнұр Рүстемова тұрғын үй кезегіне тұрудың, үй сатып алудың жолдарын сұрастырса, Рахметтолла Әлиқұлов бір жылдан екі ай асса да әлі азаматтық ала алмай жүргендерін, жауапты мекеме қызметкерлерінің шығарып салма сөздерінің көптігінен шаршағандарын қынжыла жеткізді. Еш жерге тіркелмеген отбасына көрсетілетін көмек пен берілетін жәрдемақының кешіктірілгені өз алдына, олардың балаларын мектепке беріп, медициналық көмек алуына мүмкіндік жоқ. Өзге оралмандардың да өз айтары бар. Көпшілігі жұмыс табудың қиындығын айтса, енді бірі тұрғын үй кезегі мен тіркелу барысында кездесетін заңсыздықтарды алға тартты.
Шараны қорытындылаған Б.Мәстеков бүгінгі айтылған мәселелерге тікелей өздерінің араласатындықтарын жеткізе отырып, келер жылы аймақтағы кәсіпкерлермен келісім-шарт негізінде оралмандарды жұмыспен қамтуға әрекет жасалатынын айтты, өзге де мәселелердің кезең кезеңімен шешілуіне орталық қызметкерлерінің белсене араласатынын жеткізді.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |