Сәлемдесуді «мал-жаның аман ба?» деп бастайтын қазекеңе төрт түліктің орны ерекше. Әсіресе, Қамбар ата тұқымының маңызы зор. Халқымыздың тұлпарды ер қанатына балайтыны да сондықтан. Міне, Жылқы жылы да аяқталып қалды. Өткен күндерге көз жүгіртсек, жыл көлемінде атқарылған істердің ауқымдылығын аңғарамыз. Ендеше бірге шолу жасайық, құрметті оқырман.
ҚОҒАМ
20 желтоксан 2014 г.
1 267
0
«Тастама мені, апатай! Мені кімге қалдырып барасың? Мен сенсіз қалай өмір сүрмекпін? Маған бұл өмірде сен ғана керексің» деген перзентінің зарлы үніне безбүйрек анасы мән берместен бұрылып кете барды. Тәрбиешілердің қолында бұлқынған Самал жанұшыра жер тепкілеп, көзінен жасы төгіліп айқайлағанынан басқа амал таппай қала берді. Оның еркінде болса, ол ешқашан анасынан ажырап қалмас еді. Бiрақ маңдайына жазылған тағдыры солай болып тұрғаны ғой.
ҚОҒАМ
13 желтоксан 2014 г.
1 050
0
Мұғалімдердің мәртебесін көтеруде аймақта пәрменді іс-шаралар атқарылуда. Биылғы жылы облыстық бюджеттен педагог мамандардың білімін жетілдіруге 85 млн. теңге қаржы бөлінді, облыс бойынша 2035 мұғалім өз біліктілігін арттырды. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өздерінің жемісті еңбектерімен көпке үлгі болып жүрген ұлағатты ұстаздар өткен жылдан бастап облыс әкімінің арнайы сыйақысына ие болып келеді. Атап айтар болсақ, өткен жылы аймақ басшысының әрқайсысы миллион теңге болатын сыйақысына 43 ұстаз ие болса, биыл 40 мұғалім миллионер атанды. Олардың қатарында кәсіптік білім беретін колледж оқытушылары да бар.
ҚОҒАМ
13 желтоксан 2014 г.
1 153
0
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келеді.
ҚОҒАМ
13 желтоксан 2014 г.
1 180
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту қажеттігін тапсырды. Мемлекет басшысы жүктеген осы міндеттің облыста жүзеге асырылу барысы қалай? Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықовпен жүргізілген сұхбатта осы мәселелер негізгі әңгіме өзегіне айналады.
ҚОҒАМ
11 желтоксан 2014 г.
1 051
0
Жер бетінде алуан түрлі қауымдардың арасынан шыққан жауыз-қаныпезерлердің қаншама қатыгездік іс-әрекеттер жасап жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан күнде көруге болады. Соның көбінде «Исламдық лаңкестер», «мұсылман содырлар», «исламдық экстремистік топ»,-деген сөз тіркестері жиі естіледі, яғни осындай зорлық-зомбылық көрсету көбіне Ислам дінін ұстанушылардан деп жала жабуда.
ҚОҒАМ
11 желтоксан 2014 г.
1 442
0
Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Mәңгілік Ел идеясын «елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» деп атап көрсетті. Оны XXI ғасырдағы Қазақстанның мызғымас идеялық тұғыры ету үшін атқарылатын жұмыстарды да айқындап берді.
ҚОҒАМ
11 желтоксан 2014 г.
978
0
Елімізде алдағы уақытта жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.
ҚОҒАМ
11 желтоксан 2014 г.
970
0
Бертілекпен әңгіме барысында, өте қарапайым азамат екендігіне көз жеткізгендей болдым. Кезінде Қызылорда қаласында КСК төрағасы болған ол күн-түн көз ілмей тұрғын үйлердің суы мен жылуының жай-жапсарын білумен жүреді екен. Сонда көршілері "Беке, қайда барасың?” десе, ол "Суға барамын, жылуға барамын” деп жүре беретін көрінеді.
ҚОҒАМ
09 желтоксан 2014 г.
1 056
0
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 8 желтоқсандағы бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ
09 желтоксан 2014 г.
980
0