АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпарат­тық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 8 желтоқсандағы бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде күріш – 185, еттің бағасы – 950, тауық еті – 395, бөлке нан – 35, картоп – 80, жуа – 70, сәбіз – 80, карақұмық – 155, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 85, жуа – 80, сәбіз – 85, қызылша – 90, қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша Арал қаласының «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант – 180-190, картоп – 90, жуа – 85-90, сәбіз – 90-100, қырыққабат 80 теңгеден, ал «Қанағат» базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың дүкенінде қант – 180, картоп – 90, жуа – 80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, күріш 200 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 18, картоп – 100, жуа – 80, қырыққабат – 80, сәбіз – 100, өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 100, сәбіз – 90-100, жуа –90, қырық­қабат 80 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Өмірзақов», ЖК«Қармақшы» СТК дүкендерінде І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкен­дерінен І сортты бидай ұны – 57, ақтал­ған күріш – 130, жұмыртқа – 18, өсімдік майы – 230-240, жуа – 90, сәбіз – 100, картоп – 90, қырық­қабатты 80 теңгеден алуға болады.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 90, сәбіз – 90, қырыққабат – 80, жуа – 80, қант – 160 теңге. «Коммуналдық» базарында жұ­мыртқа 17 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шора­баев» базарында картоп – 95, жуа –80, сәбіз – 95, қырыққабат – 75 теңге, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 90, жуа – 80, қырыққабат – 80, сәбіз – 85, окорочка – 460, жұмыртқа 16 теңге болса, ЖК «Үсейінов», «Нұраділ», «Сұңқар» дүкендерінде І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің келісі 1050 теңгеден сатылуда.


ҚОҒАМ 09 желтоксан 2014 г. 980 0