«Әрбір өлкенің халқына қорған, ыстығына сая, суығына пана болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті» деген Елбасы лебізі Жанқожа батыр ауылында нақты көрініс тапқандай. Себебі, бұл күні осыдан тура 160 жыл бұрын Жанқожа батырдың бастауымен Ресей патшасының жазалаушы әскерлерімен болған, тарих парағына «Арықбалық шайқасы» атауымен енген шешуші ұрыста мерт болған асылдарды еске алуға арналған шара өтті. Сол бір қандықасапта арманда кеткен арыстарын жоқтағандай ауа райы да қытымырланып, салқын ызғар еседі. Күздің нарды құлатар қара суығы сәт санап күшейе түскен. Сұп-суық дымқыл ауа ауыр шайқаста қазаға ұшыраған боздақтардың ақтық деміндей елестегенде денем түршікті. Жаратқанға, батыр баба аруағына іштей жалбарынып, ондай ғаламат соғыстың қайталанбауын тіледім.
ҚОҒАМ
30 қыркүйек 2017 г.
810
0
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік тобы және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірлескен кезекті отырысы өткізілді.
ҚОҒАМ
29 қыркүйек 2017 г.
581
0
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы өткізілген болатын.
ҚОҒАМ
29 қыркүйек 2017 г.
1 026
0
Әліпби реформасы – заман талабы. Жалпыұлттық үшінші жаңғыруға аяқ басқан еліміз мемлекеттілігін де тұғырына қондырып, конституциялық мәртебесіне сай толыққанды жұмыс істетуіне жол ашпақ.
ҚОҒАМ
28 қыркүйек 2017 г.
508
0
Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек.
ҚОҒАМ
28 қыркүйек 2017 г.
575
0
Фестивальге түркі тілдес 10 мемлекеттен өнерпаздар мен фольклортанушы ғалымдар қатысуда. Биылғы жылдың ерекшелігі - гала-концерт Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешенінің амфитеатрында өтеді.
ҚОҒАМ
28 қыркүйек 2017 г.
755
0
Бұл кез егіншілер қауымының еселі еңбектерімен ерекшеленетін шағы. Өйткені, дәл осы сәтте дала жұмыстары қызып, егін жинау науқаны аяқталар тұсқа жақындап қалды. Егістік алқаптарындағы жайқалған күріш сабақтары орылып, жал-жал дестеге айналған. Ал «дала кемесі» атанған комбайндар масақты дәнге айналдырып, тасымал көліктерін тоқтатпауда. Тасымал көліктері болса қырманды қызылға толтырып жатыр. Мұндай қызу еңбек «Қызылдихан» мен «БАҚ» шаруашылығында қарқынды жүргізілуде. Жақында қос шаруашылықтағы маусымдық жұмыстар барысымен танысып, мерейлі сәттерге куә болып қайтқанбыз.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
911
0
Майдан даласында 4 рет жараланып, «Қызыл жұлдыз» орденін алған Үрмәш Түктібаев Кеңестік Латвияны азат ету үшін болған қиян-кескі ұрыста теңдессіз ерлік көрсетті. Оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1944 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
1 395
0
Кеше Қызылорда қаласындағы Достық үйі алдында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Сыр елінің абыз ақсақалы Қалиев Ыдырыс Қалиұлын ақтық сапараға шығарып салуға арналған азалы жиын өтті.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
1 069
0
Облыс орталығындағы Базарбек Өсербаев көшесі бойында орналасқан үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін аталған аумақта күшейтілген жүйеде жұмыстар жүргізілуде.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
510
0