Әліпби реформасы – заман талабы. Жалпыұлттық үшінші жаңғыруға аяқ басқан еліміз мемлекеттілігін де тұғырына қондырып, конституциялық мәртебесіне сай толыққанды жұмыс істетуіне жол ашпақ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңыз¬ға ие, жасампаз халқымыздың жар¬қын болашағын айқындайтын ой-то묬ғам. Кемел келешекке бағдар бол¬ған ауқымды құжатта ұлттық идео¬логияның, рухани жаңғырудың маңыз¬ды тетіктері қарастырылған. Мем¬-лекетіміздің одан әрі дамып, көр¬кейіп, гүлденуі үшін қолға алынған бас¬тамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу.
«Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады», деп нақты міндеттерді айқындап берді.
Латын әліпбиіне көшудегі мақсатымыз ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Олай болса, еліміздің болашағы үшін латын әліпбиіне көшу – ұлттық нартәуекел. Бүкіл тағдырымызды, табиғатымызды, бітім-болмысымызды өзгерту, яғни сананы жаңғырту. Мемлекеттік тілдің мәртебесі, өзіміздің төл тіліміздің таби-ғаты жаңарып жатса, жаңғырып жатса, біз одан ұтылмаймыз деп ойлаймын.
Әліпбиді енгізу сырт көзге оңай болғанымен, оны санаға сіңіру, көңілге қондыру сияқты басқа да көптеген жұмыс бар. Ұлттық санамызды жаңғырту, өзіміздің табиғатымызды өзгерту жаңа әліпбиімізді жаңғыртатын дүние деп есептейтін болсақ, бұл іске қоғам болып жұмылуымыз керек.
Нұржан АРАЛБАЕВ,
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
бас маманы.