"Мүлдем төзбеушілік" акциясы барысында 1688 құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы өткізілген болатын.
Акцияның негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Акция барысында облыс бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін 1688 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, ит пен мысықтарды асырау ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы) – 66, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) – 87, түн тыныштығын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы) – 55, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) – 137, белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы) – 61, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі) – 88, сәулеттендіру ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) – 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, акция барысында полиция қызметкерлерімен 179 мәрте құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференция және семинарлар өткізілді.
Аталған іс-шаралар барысында орта білім беру және жоғары оқу орындарының білім алушыларына, мекеме қызметкерлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатының көздейтін мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, қоғамдық орындарда бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу бағытында профилактикалық шаралар, қоғамдық орындарды ластамауға, саябақтар мен көшелердегі жарықшамдар мен мүліктерді бүлдірмеуге шақыратын насихат шаралары жүргізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 29 қыркүйек 2017 г. 1 026 0