Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызмеиткерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында 5-6 сынып мектеп оқушылары арасында қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты сурет сайысы өткізілді.
ҚОҒАМ 20 қараша 2017 г. 802 0
ЕО- Қазақстан арасындағы сауда ынтымақтастығы талқыланды

ЕО- Қазақстан арасындағы сауда ынтымақтастығы талқыланды

ЕО-ның  мемлекеттік басқару саласындағы жетекші сарапшылары қатысуымен саудадағы техникалық кедергілер мен зияткерлік меншік құқығы мәселеріне арналған екі TAIEX семинары өтті. Іс-шараны Еуропалық Комиссия және Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз байланыста ұйымдастырды, қаржыландыру Әріптестік құралы арқылы жүргізілді. Семинар Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің  сауда және инвестициялар баптарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚОҒАМ 20 қараша 2017 г. 574 0

ҮЙ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КІТАПХАНА

Елдің тарихы мен жердің қасиетін қастерлейтін, білгенін кейінгі ұрпаққа айтып жүретін ақсақалдар қашанда біздің асыл қазынамыз. Шежірелі Сыр өңірі халқының ынтымағына үлес қосып, аймағымыздың дамуына тілекші үлкендердің өнегесі бүгінгі ұрпаққа сабақ. Тарихи мұраларды зерделеумен қатар оны қазіргі кезеңмен сабақтастыратын ақсақалымыздың бірі - жаңақорғандық Шайдарбек Әшімов ағамыз. Кезінде партия, кеңес жұмыстарында ысылған қария көптен бері туған жердің тарихына қатысты талай құнды дүниелерді жинақтады. Шәкең ағамыздың шығармашылыққа қызыққаны соншалық үйінің жанына өзіне лайықтап, кітапхана салып алып, барлық мұраларын сонда сақтайды. Қашан барсаң, сол өзінің құтты мекенінде қолынан қаламын тастамай, бірдеңе жазып отырады. Ол «Атадан қалған мұралар», «Керемет тағылымы», «Құтбай», «Өмірдің өзі талас» және басқа да туындылардың авторы. Мұнан басқа «Алпамыс батыр» дастанының өзбекше нұсқасын қазақ тіліне аударып та өзін өзге қырынан танытты.
ҚОҒАМ 17 қараша 2017 г. 630 0
Әскерилерге −  баспанамен қамтудың жаңа жүйесі көмектеседі

Әскерилерге − баспанамен қамтудың жаңа жүйесі көмектеседі

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық патруль» акциясы шеңберінде ағымдағы жылы мәжілісте қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында әскери қызметшілерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҚОҒАМ 17 қараша 2017 г. 1 048 0
Шайырлар еліндегі ілкімді істер

Шайырлар еліндегі ілкімді істер

Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірінің бүгінгі әлеуеті әлденіп, келбеті кемелденіп келеді. Бір емес, бірнеше саланы жолға қойып, жүйелеген ауданда атқарылған істер расымен ауқымды. Сандар да, статистика да соны меңзейді.
ҚОҒАМ 16 қараша 2017 г. 738 0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ – ТАРИХИ САНА

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен хал­қым­ның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан ар­қауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – деп ұлттық сана туралы ойын білдірген болатын.
ҚОҒАМ 16 қараша 2017 г. 1 126 0
АҒАШ ШЕБЕРІ

АҒАШ ШЕБЕРІ

 Пахраддин Садықов – ағаш шебері. Қолынан қоңыр үнді домбыра, қобыз аспабы, малдың сүйегінен, мүйізінен дайындалған кәдесый да шыққан. Ағаштың түбірін кәдеге жаратып отырған оның бұл еңбегі көпке үлгі. Себебі, Пахраддин аға тек ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайды. Мақсаты біреу ғана – киелі де бірегей ұсталық кәсіпті дамыту.
ҚОҒАМ 16 қараша 2017 г. 1 632 0
ЭКСПО АЛАҢЫНДАҒЫ ТУРИСТІК АЙМАҚ

ЭКСПО АЛАҢЫНДАҒЫ ТУРИСТІК АЙМАҚ

«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағына алғашқы екі күн ішінде 18 мың, соның ішінде 11 қарашада – 7 мыңнан аса, 12 қарашада 11 мыңға жуық адам келді.
ҚОҒАМ 16 қараша 2017 г. 493 0
МӘДЕНИЕТІЛІК – ТҰТАС ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТІЛІК – ТҰТАС ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Бүгінде біздің мемлекетіміздің басты бағыты – өркениеті озық отыз елдің қатарына ену. Олай болса, әлемдік қарым-қатынаста экономиканың сан құбылған саясаты маңызды емес, рухани құндылықтың бағасы биік. Бұл орайда мемлекеттік қызметте, жалпы қоғамда мәдениетіміздің жоғары болуы міндетті десек, қателеспейтін болармыз. Біле білсек, тұтас қоғамның тұрақтылығы да жеке адамдардың мәдениетіне байланысты. Мәселен, ұрлық-қарлық, жемқорлық, азғындық, дұшпандық әрекеттердің барлығының түп тамыры – мәдениетсіздік. Ойлап қарасақ, біз осыған өзіміз жол беретін сияқтымыз. Қалай дейсіз бе? Қарапайым ғана мысал, отбасында өсіп келе жатқан баланы (ол мүмкін кенже бала немесе жалғыз бала) бетінен қақпаймыз. Былапыт сөздер айтып, әбес қылықтар танытып жатса да, «есейгесін қояды» деген желеумен  еш қаперсіз еркелете береміз. Бірақ баланың бірте-бірте еркіндікке бойы үйреніп жатқанына мән бермейміз. Осындай осал тәрбиенің салдарынан күнделікті өмірде көп ата-ананың көңіліне қаяу түскенін көріп те жүрміз. Ащы да болса шындық, ата-анасын қарттар үйіне қалдырып жатқандар да сол, әлгі еркеліктен есіріп кеткен балалар. Баланың өзімшіл болуының тағы бір себебі, өзіне лайық орта таппай, қоғамнан шет қалуы. Сондықтан, бала тәрбиесін бір сәт те бақылаусыз қалдыруға болмайды.
ҚОҒАМ 14 қараша 2017 г. 770 0
Суицид себептері қандай?

Суицид себептері қандай?

Суицид індетінің біз ойлағаннан да терең салдары бар. Бұл тек қана бір адамның жарық дүниемен қоштасуы емес – қоғам үшін де орны толмас әлеуметтік, экономикалық жоғалту. Жүргізілген зерттеулер бір аяқталған суицидтің 10 мен 20 жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының, 100 ден 200 жасөспірімнің суицидтік санаға келуіне алып келетіндігін айғақтайды. Психологиялық қалыптаспаған, тұрақсыз кәмелеттік жасқа толмаған балаға оның замандасы не танысы өз-өзіне қол жұмсаған тұста «мүмкін емес» нәрсе «мүмкіндей» көрінеді. Саналы не бейсаналы түрде ол өзін қайтыс болған адамның орнына қойып көруі мүмкін: біреуге бұл «ұнап қалуы мүмкін», ал өзгесі бұндай ойлардан мәңгілікке арылуы мүмкін. Алайда көпшіліктің қайғысы «назар аудару» ретінде жалғыз, өмірден түңілген, бәрінен бас тартқан жасөспірімді өзіне тартады. Осылайша, бір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі басқа да жағдайларды туындатады.Балалар мен жасөспірімдердің суициді олардың отбасыларының мүшелеріне айтарлықтай әсер етеді.Әркім «мен кінәлі емеспін бе» деген сұрақты қойып,  өзінің марқұммен қарым-қатынасын еске алып, әрбір болған жанжалда өзін кінәлап, «субъективті» шешім жасайды. Нәтижесінде, психологиялық ауруға душар болып, күйзеліс, депрессияға ұшырап, тіпті кейбір жағдайларда өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Сөйтіп, жасөспірімдік суицид үлкендердің өз-өзіне қол жұмсауының себебіне де айнала алады.
ҚОҒАМ 13 қараша 2017 г. 6 919 0