Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызмеиткерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында 5-6 сынып мектеп оқушылары арасында қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты сурет сайысы өткізілді.
Мәдени шараның мақсаты: қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, өнерге баулу, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Жасөспірімдерді өнер мен білімге бейімдеу, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отыру. Адам өз бойына біткен құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір мәнін түсінуге ұғынуға талпындыру.
Сурет салу сайысының соңында әділ-қазылар алқасының шешімімен өз өнерлерін көрсете білген балалар арасынан өте жақсы, әрі шебер салынған суреттер анықталып, жеңімпаздарға сый-сияпат жасалды.
«Сырлы бояу патшайымы» атты тақырыпта қазақ бейнеу өнерінің шебері Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 8 оқырман тіркеліп, 11 кітап оқуға берілді.
Мәдени шара соңында мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері естелік суреттерге түсіп, балалар жақсы көңіл-күймен тарасты.
ҚОҒАМ 20 қараша 2017 г. 802 0