ЕО- Қазақстан арасындағы сауда ынтымақтастығы талқыланды

ЕО-ның  мемлекеттік басқару саласындағы жетекші сарапшылары қатысуымен саудадағы техникалық кедергілер мен зияткерлік меншік құқығы мәселеріне арналған екі TAIEX семинары өтті. Іс-шараны Еуропалық Комиссия және Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз байланыста ұйымдастырды, қаржыландыру Әріптестік құралы арқылы жүргізілді. Семинар Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің  сауда және инвестициялар баптарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Астана қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінен 115-тен астам қатысушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Жоғарғы сот, Кеден және Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері іс-шараға қатысты.
"Аталған іс-шара Еуропалық Одақтың Қазақстанға Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ұсынатын мүмкіндіктерді толық мөлшерде пайдалану үшін көмектесуге дайын екендігін көрсетеді. Біз нақты қадамдарды іске асырудамыз, өзара сауда мен инвестицияларды алдағы уақытта күшейту мақсатында ЕО мүше-мемлекеттердің жетекеші сарапшыларын мемлекеттік басқару саласындағы Қазақстандық әріптестерімен үздік тәжірибе бөлісуге шақырдық," - Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Басшысы, Елші Траян Христеа мырза атап өтті
Семинар қатысушылары Қазақстан - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ортасында қолданыла алатын элементтерді бағалау мақсатымен техникалық реттеу, аккредиттеу, стандарттау, метрология жүйелері, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы ЕО-ның заңңамасы мен үздік тәжірибесі туралы ақпарат алды.

Анықтамалық ақпарат

Астанада Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 2015 жылы 21 желтоқсанда қол қойылды және 2016 жылғы 1 мамырдан бастап уақытша орындалуы енгізілді. Келісім ДСҰ-дың іргелі ережелері мен қағидаттарынқолдануды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесімен Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы  екіжақты сауда ынтымақтастығын нығайтады. Бұл қызметтер көрсету саудасы, компаниялар құру және олардың жұмыс істеуі, капитал қозғалысы, сатып алу және зияткерлік меншік құқығы сияқты салалардағы экономикалық операторлар үшін реттеуіш ортаны неғұрлым тиімді қамтамасыз етеді. Соңғы он жыл ішінде Еуроодақ Қазақстанның сыртқы сауда айналымында 40% үлесімен бірінші сауда әріптесі және тікелей шетелдік инвестициялардың  жартысынан астамы өзіне тиесілі бірінші шетелдік инвестор. ЕО мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 2017 ж. қаңтар-қазан айында 13.3  млрд. еуро құрады, ол Eurostat мәліметі бойынша  өткен жылмен салыстырғанда 31% өскен.
ҚОҒАМ 20 қараша 2017 г. 574 0