Әскерилерге − баспанамен қамтудың жаңа жүйесі көмектеседі

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық патруль» акциясы шеңберінде ағымдағы жылы мәжілісте қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында әскери қызметшілерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырылған ауқымды шараға Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қ.Ж.Раматулин, Қызылорда қаласы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» директоры Ә.Сәулебаев және әскери бөлімдерден құралған заңгерлер тобы  қатысты.
Шара барысында әскери қызметшілер келген қонақтарға баспанамен қамту жүйесі бойынша заң жүзінде  толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Әскери прокурор Қ.Рахматулин: Ең алғаш еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың еңсесі көтеріліп, қазақ әскерінің әл-ахуалы енді оңала бастаған тұста әскери қызметшілердің жағдайлары дәл бүгінгі күндегідей бірден-бір болған жоқ. Мысал ретінде, 2000 жылдары әскери салада жұмыс атқарған кездегі әріптестерімнің есінде шығар: қызметтік бөлмеміз жұмыс орны да, үйімізде болған. Қарапайым кеңсе тауарларында санаулы қылып бөліп беретін еді.
Сондықтанда қанағат жасап, алдымен елбасымызға және үкімет басшыларына алғысымызды білдіруіміз қажет. Әскери қызметшілерге моральдық-материалдық жағдайларға аса көп  көңіл бөлінуде. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары мақұлданған бұл заң–жобасының маңызы баспанаға мұқтаж болған барлық әскери қызметшілердің санаттарын төл тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы, өте тиімді – екенін    деп атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы арнаулы мемлекеттік органдардың, атап айтқанда қарулы күштердің, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне арнайы ақшалай төлемақы арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы бойынша, біріншіден, баспана жалдауға берілетін өтемақыны тұрғын үй төлемдеріне ауыстыру ұсынылып отыр және ол еңбек өтіліне байланыссыз баспанаға мұқтаж барлық санаттағы әскерилерге төленуі керек.
Әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есеп-шотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері еліміздің тиісті өңіріндегі баспананың 1 шаршы метр құнын әскери қызметші отбасы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі пайдалы аудан нормаларына, яғни бір адамға шаққанда 18 шаршы метрге көбейту арқылы есептеледі.
Мысалы: Әскери қызметшілер осы тұрғын үй төлемін тек келесі мақсаттарға жұмсай алады: ипотекалық несиені пайдалана отырып, баспананы сатып алуға; тұрғын үй арендасын төлеуге, оның ішінде баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға; үлестік баспана құрылысына тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысқан кезде жарналарды төлеуге; тұрғын үй құрылысы жинақтарын жинауға және баспана жағдайларын жақсартуға пайдалана алады. «Заң жобасы әскери қызметшілердің баспанасыздық проблемасының басқа да түйткілді түйіндерін тарқатуға бағытталған.
Бірінші кезекте 20 жыл және одан көп ғұмырын әскери борышты өтеуге арнаған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңызды мәселесі шешімін таппақ. Олардың біразы көшіп кетуге мүмкіндігі болмағандықтан, әлі күнге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда төл баспанасыз қызметтік тұрғын үйлерде өмір сүруге мәжбүр.
Әскери зейнеткерлердің тағы бір бөлігі тіпті ешқандай баспана берусіз қызметтен шығарылған. Бұл ретте заң жобасымен қандай да бір тұрғын үй берілместен, қызметтен шығарылған осы әскери зейнеткерлер біржолғы ақшалай өтемақыны алдағы 2018 жылы алатын болады.


Б.Нұрмаханбетов.
Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры.
ҚОҒАМ 17 қараша 2017 г. 1 048 0