«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағына алғашқы екі күн ішінде 18 мың, соның ішінде 11 қарашада – 7 мыңнан аса, 12 қарашада 11 мыңға жуық адам келді.
Халықаралық мамандандырылған көрме аяқталғаннан кейін екі ай өткеннен соң «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қазір Болашақ энергиясының мұражайы болып табылатын «Нұр Әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнерінің орталығы орналасқан АРТ-орталығы қамтылған туристік аймақты келушілер үшін ресми түрде ашқаны туралы естеріңізге салайық.
Оның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттер ресми түрде 14 қарашадан бастап сатылуда. «Нұр Әлем» павильонын, тақырыптық павильондарды, «Үздік тәжірибе аймағын» және АРТ-орталығын қамтитын билеттің бағасы 1500 теңгені құрайды. ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы аналарға және 6 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларғакіру тегін. Оқушылар үшін 500 тг, студенттер үшін 800 теңге, ал зейнеткерлер үшін 500 теңге.
Сонымен қатар, 1 мыңға жуық автокөлікке арналған жерасты тұрағы қызмет етуде, оның алғашқы үш сағаты тегін, ал келесі сағаттары 100 теңгеден. Жерасты паркингке Т.Рысқұлов көшесінен кіруге болады.