ҮЗДІК КИКБОКСШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Төрт күнге созылған кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасындағы XXV ел чемпионаты аяқталды. Астана, Алматы қаласы және 14 аймақтан екі жүзге жуық спортшы қатысқан аламанда мықтылар іріктеліп шықты. Чемпионатта фулл-контакт және К-1 сайысында 29 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Кіл мықтыдан, кім мықты дегенге келсек, фулл-контакттан: ерлер арасында 91 келіде қызылордалық Е.Жеңіс бас бәйгені қанжығаласа, әйелдер арасында  65 және +65 келіде Г.Саматова мен Н.Тлеуімбетова жүлделі орынға ие болды. Ал К-1 сайысында өкінішке орай, жерлестеріміз жер қарап қалды.
ДОДА 05 сәуір 2014 г. 984 0
КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Бейсенбіден бастап Еуразия спорт кешенінде кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды. Төрт күнге созылатын дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық дарабоз жиналды. Ерлер мен әйелдер арасында өтетін дүбірлі бәсеке 14-19 мамыр аралығында Венгрияның Сегед қаласында болатын Әлем кубогына және 21-28 маусым аралығында Иорданияның Амман қаласындағы Азия чемпионатына іріктеу болмақ.
ДОДА 29 наурыз 2014 г. 1 028 0
«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗ

«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗ

Бүгін, 15 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтереді. Жылдық үзілістен кейін үздіктер қатарына қайта қосылған Қызылорданың «Қайсары» алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді.
ДОДА 15 наурыз 2014 г. 1 243 0

БАЛУАНДАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Шымкент қаласында 1997-1999 жылдары өмірге келген өрендер  арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі мәресіне жетті. Еліміздің барлық аймағынан жиналған жеткіншектер 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, жеңімпаздарды анықтады. 
ДОДА 06 наурыз 2014 г. 1 531 0

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА

Жалағаш ауданына спорт саласы бойынша қуанышты хабар келіп жетті. Жақында ғана Тараз қаласында дзю-до күресінен 1994-1996 жылдары туылған жастар арасында өткен ел чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде Жеңісбек Жақсыбек бас жүлдені иеленсе, 63 келі салмақ дәрежесінде Мархабат Бақытбекова күміс жүлдені қанжығасына байлаған. 
ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 063 0

ДҮБІРЛІ ДОДАҒА ДЕМЕУШІ

Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев жастарды елжандылық асқақ рухта тәрбиелеуде қамқор қолын созумен келеді. Бір ғана дерек, ол өзі дәріс алған Бесарық ауылындағы №147 орта мектептегі дзюдо, таэквандо секцияларына демеушілік жасау арқылы есімдері елімізге танымал болар жас спортшылардың қалыптасуына  қамқорлық жасауда. 
ДОДА 04 наурыз 2014 г. 967 0

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАНЫҢ КӨРКЕМ ҚЫЗДАРЫ

Үстіміздегі жылы 1-2 наурыз күндері Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» облыстық ашық біріншілігі мәресіне жетті. Мұндай сайыс біздің облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Алматы, Байқоңыр қалалары мен Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан 230 гимнасшы қатысты. 
ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 179 0

ЕЛ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Үстіміздегі жылдың 24 ақпан-2 наурыз аралығында  Қызылорда қаласында бокстан 1996-1997 жылдары өмірге келген жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 11 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 019 0

ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛІКТІ ШИРАТАДЫ

Осы аптаның сейсенбісінде Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдарда өмірге келген жастар арасында бокстан Қазақстан біріншілігінің ашылу рәсімі өткізілді. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жарысқа келген өрендерге өз тілектестігін білдірді. 
ДОДА 27 ақпан 2014 г. 1 061 0

«ҚАЙСАР» МӘСКЕУДІҢ «ДИНАМОСЫМЕН» КЕЗДЕСЕДІ

Түркиядағы төртінші оқу-жаттығу жиыны аясында Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы екінші жолдастық-бақылау кездесуін өткізіп, Арменияның «Ширак» командасынан жеңіліп қалды. Есеп - 1:3.
ДОДА 25 ақпан 2014 г. 1 098 0