КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫБейсенбіден бастап Еуразия спорт кешенінде кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды. Төрт күнге созылатын дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық дарабоз жиналды. Ерлер мен әйелдер арасында өтетін дүбірлі бәсеке 14-19 мамыр аралығында Венгрияның Сегед қаласында болатын Әлем кубогына және 21-28 маусым аралығында Иорданияның Амман қаласындағы Азия чемпионатына іріктеу болмақ.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық аймағынан кикбоксшылар келді. Олардың қатарында Әлем чемпиондары оңтүстікқазақстандық Н.Төлегенов, атыраулық А.Дюсупов, павлодарлық С.Жақыпов, шығысқазақстандық Б.Құдайбергенов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері шымкенттік Б.Артықбаев, Әлем кубогының күміс жүлдегерлері қызылордалықтар Б.Кенжеғұлов пен Ж.Әбшекеновтер бар.
Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт, К-1 жүйелері бойынша 31 салмақта өтеді. Ерлер арасында 24 салмақта (фулл-контакт, К-1), әйелдер арасында 7 салмақта (фулл-контакт) өтеді. Осы жарыстан чемпион атанған спортшыға ҚР спорт шебері атағы беріледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, кубок, медальдарымен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі – павлодарлық Талат Мұхитов.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.

ДОДА 29 наурыз 2014 г. 1 028 0