ДҮБІРЛІ ДОДАҒА ДЕМЕУШІ

Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев жастарды елжандылық асқақ рухта тәрбиелеуде қамқор қолын созумен келеді. Бір ғана дерек, ол өзі дәріс алған Бесарық ауылындағы №147 орта мектептегі дзюдо, таэквандо секцияларына демеушілік жасау арқылы есімдері елімізге танымал болар жас спортшылардың қалыптасуына  қамқорлық жасауда. 
Ақпан айында Атырау қаласында дзюдо күресінен 1997-1998 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде осы мектеп оқушысы Жанерке Қуанышова республика чемпионы атағын еншіледі. Айтқандай, Жанерке өткен жылы да Ақтау қаласында өткен белдесуде бас бәйгені қанжығасына байлаған.
Отансүйгіштік пен патриотизмді бойына сіңірген Жанеркенің осы наурыз айында Түркияда өтетін байрақты бәсекеде қазақ елінің көк туын көкке желбіретіп, Әнұранымызды  асқақтатарына бек сенімдеміз.
Е.ҚАЛИ.

ДОДА 04 наурыз 2014 г. 967 0