ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА

Жалағаш ауданына спорт саласы бойынша қуанышты хабар келіп жетті. Жақында ғана Тараз қаласында дзю-до күресінен 1994-1996 жылдары туылған жастар арасында өткен ел чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде Жеңісбек Жақсыбек бас жүлдені иеленсе, 63 келі салмақ дәрежесінде Мархабат Бақытбекова күміс жүлдені қанжығасына байлаған. 
Жалағаштық жас палуандар Ж.Жақсыбек Германияның Бремен қаласында, ал М.Бақытбекова Грекияда өтетін халықаралық турнирлерге қатысуға жолдамалар алған.
Жақында аудан әкімі С.Сермағанбетов жас палуандарды қабылдап, спорт – ел намысы, біріктіруші күш екендігін тілге тиек етіп, жас спортшыларды Қазақстан намысын қорғап, Әнұранымыз шырқалып, көк туымызды желбірете беруге шақырды.
Бүгінде жалағаштық жас палуандар Тараз қаласында дарабоз додаға қатысты оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Е.ҚАЛИ.

ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 065 0