ЕЛ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Үстіміздегі жылдың 24 ақпан-2 наурыз аралығында  Қызылорда қаласында бокстан 1996-1997 жылдары өмірге келген жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 11 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің облыс боксшылары арасынан екі жүлдегер де 56 келі салмақтан шықты. Әлем чемпионатына қатысқан қызылордалық Сабыржан Әбілов өз салмағында ешкімге дес бермеді. Ақтық сында ол алматылық Нұржан Мақашбаевтан айласын асырып кетті. Тағы бір жерлесіміз Данияр Қауышқан қола жүлдегер атанды. Жалпы, ел біріншілігіне біздің облыстан 15 боксшы қатысқан еді.
Аталмыш біріншілікте 11 салмақта жүлдегерлер анықталды. Олардың қатарында Алматы қаласынан келген Дінислам Биболат (81 келі) мен Мұхит Көшербай (91 келіден жоғары), Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері Шалқар Айқынбай (49 келі) мен Нұрлан Сапарбай (91 келі), жамбылдықтар – Әбілхан Аманқұл (64 келі) және Бекжан Бәкіров (75 келі), павлодарлық Сабыр Жолаушиев (46 келі), қарағандылық Оразхан Ергеш (52 келі), өскемендік Саят Мұратбеков (60 келі), астаналық Рахат Мыржықпаев (69 келі) чемпион атанды.  
Әділжан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.

ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 019 0