КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАНЫҢ КӨРКЕМ ҚЫЗДАРЫ

Үстіміздегі жылы 1-2 наурыз күндері Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» облыстық ашық біріншілігі мәресіне жетті. Мұндай сайыс біздің облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Алматы, Байқоңыр қалалары мен Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан 230 гимнасшы қатысты. 
Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2001-2008 жылдары туылған гимнасшы қыздар өз өнерін ортаға салды. Жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысы көш бастаса, Алматы қаласындағы «Меңсұлу» гимнастика мектебі мен Тараз қаласының командасы одан кейінгі орындарды өзара бөлісті. 
Ашық біріншілік барысында біздің облыстан Динара Шамсудин, Мәриям Тұрғанбай, Құралай Сапар, Аружан Құрмантай, Дана Садықова, Толқын Әбдиева жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, алматылықтар – Әмина Төлеубекова, Айнаша Асқарқызы, Әлия Баталова, Сагина Мұратқызы, Дария Рагимова, Диана Ли жеңімпаз болды.  Ал 2003-2004 жылдары өмірге келген қыздарда біздің облыс командасы топтық сында топ жарса, байқоңырлықтар үздік үштіктен көрінді. Оған қоса 2005-2006 жылғыларда біздің қыздар үшінші орын алса, 2006-2007 жылғылар күміс жүлдегер болды.
Әділжан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.   
ДОДА 04 наурыз 2014 г. 1 179 0