Қазынашылық – мемлекет қаржысының сақшысы

ҚР Президентінің 1994  жылы 27 қаңтардағы № 1526 Жарлығымен ҚР Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Басқарманың мақсаты – қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есептің әдістемесі мен бюджеттік басқару функциясы берілген бюджет жұмысын жолға қою болды.  
ДӘУЛЕТ 15 қараша 2016 г. 1 428 0
СЫРБОЙЫЛЫҚТАР КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАЙДЫ

СЫРБОЙЫЛЫҚТАР КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАЙДЫ

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама еткен, Қазақстанның негізгі халықаралық жобаларының бірі болып табылады. Көрме бүкіл әлемдік жұртшылықтың назарында 93 күн бойы болатын келер жылдың ең маңызды және ұзақ оқиғасы екендігі мәлім. Қазіргі таңда Көрмені ұйымдастыру және дайындық қарқынды, бірнеше бағыттарда жүргізілуде.
ДӘУЛЕТ 29 қазан 2016 г. 941 0

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қаз еті – жеңіл әрі дәмді тағам, майы – емге дәру, мамығы – жастық.
ДӘУЛЕТ 29 қазан 2016 г. 979 0
Диқандар тағы да табыс төрінде

Диқандар тағы да табыс төрінде

Биылғы жыл да қызылордалық диқандар үшін табысты болғалы тұр. Ала жаздай атыз жағалаған еңбекші қауым осы жылы басты өнім – күріш жинаудан болжанған көрсеткіштен асып түспек. Осылайша өңір күрішшілері биыл да рекордтық көрсеткішке қол жеткізеді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл табыс соңғы жылдары салаға жасалған қолдау мен диқандарды демеудің айқын көрінісі болса керек.
ДӘУЛЕТ 13 қазан 2016 г. 672 0
Шаруашылықтың өнім көлемі ұлғайды

Шаруашылықтың өнім көлемі ұлғайды

Ақ күріштен тау тұрғызатын Сыр елінде биылғы егіннің жағдайы көңіл қуантарлықтай. Айталық, Жалағаш ауданы диқандары қазіргі күні мәре сызығына жақындап қалды.
ДӘУЛЕТ 11 қазан 2016 г. 581 0
“Бақдәулеттің” берекелі істері

“Бақдәулеттің” берекелі істері

Жалағаш ауданы – күріш өндірісі керегесін кең жайған өңірдің бірі. Көсегесі көгеріп, елдің несібесі артқан дәуірде аудандағы шаруашылықтардың да шаруасы шалқып, тасы өрге домалауда. Іргедегі Аққұмда да бұл ретте ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Егістік басындағы қызу қарбалас пен шаруалар қауымының маңдай тері биылғы егіннің де мол боларын байқатады. 
ДӘУЛЕТ 08 қазан 2016 г. 794 0

“Төңкерістегілер” төрге озды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында егін егуді ұтымды ұйымдастыра білген және де олардың күтімі мен биылғы егін орағын алдыңғы қатарда орындап шыққан ұжымның бірі – Шиелі ауданындағы  «Төңкеріс и К» шаруа қожалығы. Шаруашылықтың тізгінін ұстап, басшылық жасаған  соңғы екі жыл көлемінде Бауыржан Көпеевтің іскерлігі мен тиімді жұмыс ұйымдастыра алатындығы аңғарылды. Сонымен бірге, аталған шаруа¬шылыққа өткен жылы оған "тұқым шаруашылығы” статусы берілген-ді. Бұл енді айрықша еңбек пен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігі белгілі.  
ДӘУЛЕТ 06 қазан 2016 г. 764 0
“Ақмаржаннан”  60 центнерден өнім алуда

“Ақмаржаннан” 60 центнерден өнім алуда

Биылғы егін орағын қысқа мерзімде аяқтаған шаруашылықтың бірі – Аққорған ауылдық округіндегі «Исмат» шаруа қожалығы.  Ұжым мүшелері екі апта ішінде өз қарауындағы күріштікті орып бітіріп, оны іле-шала дәнге бастырып та үлгерді. Барлық ұжым мүшелерінің жұмыла еңбек етуі арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Қырманға салынған дәнді таразыдан өткізгенде алқапқа егілген сыралғы  «Ақмаржан» сортының әр гектарынан орташа 64 центнерден өнім алынып отыр. Шаруашылықтың төрағасы Қамбар Садықов бастаған диқан қауымы ала жаздай тынбай дақылдың агротехникалық күтімін өз дәрежесінде, уақытылы жасады. Звено жетекшісі Нұрлыбек Боранов, механизаторлар Әділ Жұмаділдаев, Әлжанов Марат, Қасымбеков Әлі және басқалар ортақ іске ынта-шынтасымен араласып, өнімнің мол болуына барлық қажыр-қайратын жұмсады. 
ДӘУЛЕТ 06 қазан 2016 г. 699 0
Серіктестік қолдауы серпінге бастады

Серіктестік қолдауы серпінге бастады

Биыл Сырдария ауданындағы А.Тоқмағамбетов ауылының диқандары серпіліс үстінде. «Егінші – мәрт, жер – жомарт» дегендей, маңдайын күн сүйіп, белі бүгіліп еңбек еткен жандардың ала жаздайғы ақадал еңбектері ақталып, өз нәтижесін беріп жатыр. Тәжірибелі де іскер басшы Меңдіғали Есжанов басқаратын «А.Тоқмағамбетов ЛТД» ЖШС-да биылғы егін шығымы жақсы. Маңызды науқан жарыдан ауғанда шаруашылықтың Бақыт Жылқыбаев жетекшілік ететін №2 бригадасы қарауындағы 201 гектар алқаптан Сыр салысын жинап алды. Нәтиже көңіл қуантарлық. Әр гектардан орташа түсім 60 центнерді құрады. Бұл соңғы 11 жылдан кейінгі шаруашылықтың қол жеткізіп отырған жоғары өнімі.
ДӘУЛЕТ 04 қазан 2016 г. 739 0

Бірлік бар жерде тірлік бар

Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе және К» ЖШС егіс алқабында ирандық таромо-хошеми күріш сор­ты жайқалып тұр. Ақ күріші жайқалған қожалықтың шаруасы шалқыған. Серіктестік директоры Нұрлан Іздібаев биыл тек тәжірибе ретінде екі гектар жерге шетелдік сортты орналастырыпты. Дегенмен, екі гектардан ауыз толтырып айтарлықтай өнім жинауға болады.
ДӘУЛЕТ 24 қыркүйек 2016 г. 730 0