Қазынашылық – мемлекет қаржысының сақшысы

ҚР Президентінің 1994  жылы 27 қаңтардағы № 1526 Жарлығымен ҚР Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Басқарманың мақсаты – қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есептің әдістемесі мен бюджеттік басқару функциясы берілген бюджет жұмысын жолға қою болды.  
Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық жүйенің алғашқы құрылымдары жасақталды. ҚР Қаржы министрлігінің 1995 жылдың 4-ші сәуірдегі №23 бұйрығымен Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы құрылды.  
1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп айырысу кассаларының орталығы Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бюджеттік банк бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармалары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды пайдалану біршама жоғары болды. 
Қазынашылықтың өркендеу-даму барысындағы ерекше жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық Банкте қазынашылық біріккен шоты¬ның ашылғанын айтуға болады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды. Біріккен қазынашылық шоты арқылы төлеу механизмін бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасалды. Әр күн сайын осы шот арқылы алынған ақпарат ҚР Үкіметіне және басшылыққа жіберіліп, күн сайын бюджеттің жағдайы кірістер, шығыстар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланды.
Аумақтық қазынашылық басқармалары ҚР Ұлттық Банкі мекемесіндегі ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.
1998 жылдың қаңтар айынан Бюджеттік банкінің жабылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қазынашылық органдарына берілді. Соны¬мен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің ұйымдастыру-құрылымын жетілдіру бағытын¬дағы өзгертулерге байланысты, об¬лыс¬тық қазынашылық басқармаларына об¬лыс¬тағы Қаржы бақылау басқармалары қосылып, қаржы бақылау функциялары қо¬сымша берілуі, оның құрылымына ақ¬параттық есептеу жүйесінің енгізілуі және бақылау бөлімінің Қаржы министрлігі Қаржы жүйесінің ақпараттандыру орталығына берілуі және Қаржы бақылау басқармасының қайта бөлінуі – қазынашылық органдарының даму жүйесіндегі тарихи оқиғаларға айналды. 
Қазақстандағы бюджеттік реформалар нәтижесінде қазынашылықтың жүйесін қайтадан модернизациялау қажеттігі туындады. Осы ретте «ORACLE»  бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жаңа қазынашылық жүйесі жасалды. Бұл Елбасы жүктеген мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты міндетін жүзеге асыруды негізгі тетігі болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 24 маусымындағы № 695 «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» қаулысымен, Облыстық қазынашылық басқармасы «Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті» болып қайта құрылды.
Аймақтағы қазынашылық органының толық атауы-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі. Облыстық қазынашылық департаментінің құрылымы жеті аудандық және Байқоңыр қалалық қазынашылық басқармаларынан тұрады. Қазіргі таңда облыс бойынша 532 мемлекеттік мекемеге оның ішінде 25 квазимемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіледі.
Жалпы, қазынашылық жүйесі жаңа талаптарға сай жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мекеменің бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жаңа қазынашылық жүйесі жасалған. 2004 жылдан бастап қазынашылықтың ақпараттық жүйесі аудан, қала аумақтарына толық енгізілді.
2014 жылдан бастап, қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде  мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат алмасу қызметі толығымен іске асырылып келеді.
Осы көлемде келіп түскен құжаттардағы қаражаттың салық түрлерімен түсірілуін, ал шығыстың ретімен жұмсалуын қадағалап отыру оңай жұмыс емес. 
2018 жылдан бастап барлық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың  дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  жобасы әзірленген. Осыған байланысты бюджеттерді жоспарлау, кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша ауыл әкімдері аппараттарының мамандарын даярлау мақсатында  ақпараттық-түсіндіру топтары құрылмақ.
Департаменттің алдындағы мемлекеттік қаржыны жедел басқару, барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процесіне қызмет көрсету міндетін атқару білімді, өз істерін жете меңгерген білікті мамандардың арқасында жүзеге асырылуда. Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері ел экономикасының дамуына сүбелі үлестерін қосуда. 
Ә.ДҮЙСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша 
қазынашылық департаментінің басшысы.
ДӘУЛЕТ 15 қараша 2016 г. 1 428 0