Қай кезде де агроөнеркәсіп саласы ел дамуында өзінің айшықты орнын еншілейді. Сондықтан Қазақстан әрдайым бұл бағытта іргелі істерді жүзеге асыруға мән беріп келеді. Елбасымыз үстіміздегі жылғы Жолдауында да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға байланысты құзырлы орындарға нақты міндеттер жүктеді. Бұл агроөнеркәсіпке тың серпіліс беріп, жаңаша дамуға жол ашатыны айқын.
ДӘУЛЕТ
21 қаңтар 2014 г.
1 884
0
Аймақта металлургия өндірісінің бірқатар салалары дамиды. Облыс аумағындағы ванадий кеніші әлемдегі 5 ірі кеніштердің қатарына енеді. Мамандардың пікірінше, аймақ осы өнімге қажетті әлемдік сұраныстың 10 пайызына дейін қамтамасыз ете алады.
ДӘУЛЕТ
16 қаңтар 2014 г.
986
0
Заманның құбылмалы өзгерістеріне қарай әр дәуірдің өзіндік қиыншылықтары болып тұрады. Қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі – жұмыссыздық мәселесі. Жұмыссыздықты азайту мақсатында бүгінгі күні түрлі бағдарламалар жүзеге асып, халық игілігіне жарап жатыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады... Біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек», – деген болатын.
ДӘУЛЕТ
14 қаңтар 2014 г.
1 293
0
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы басты міндет – шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамыту болып табылатынын атап өткені белгілі. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда облыс көлемінде бірқатар нақты жұмыстар атқарылды. Бұл бағытта өңірлік Индустрияландыру картасы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.
ДӘУЛЕТ
26 желтоксан 2013 г.
1 629
0
Бүгінде Қазақстанның, соның ішінде біздің облыстың экономикалық тұрғыдан дамуы өркен жайып келеді. Атап айтқанда, қазір облыста көптеген өндіріс орындары ашылып, түрлі салаларды ілгері жылжыту қадамдары қолға алынуда. Дегенмен де әр өңірдің өзіндік ерекшелігі болатыны да рас. Осы орайда өңірімізде тау-кен металлургия мен туристік кластерлерді дамытуды қолға алып отырған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бөле айтуға тұрарлық. Соның бастысы, облыста негізгі дақыл саналатын күріш шаруашылығын дамыту. Жақында ғана облыста өткізілген «Байқоңыр» инвестициялық форумында бұл мәселеге кеңінен көңіл бөлінді. Дегенмен де, күріш кластерін дамытуда нендей жаңалықтар бар? Осындай сауал төңірегінде біз «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменовті әңгімеге тартқан едік.
ДӘУЛЕТ
21 желтоксан 2013 г.
1 940
0
Қазақтың ата кәсібі – мал мен егін. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келе жатқан бұл сала бүгінде өзіндік даму жолына түсті. Әрине, ауыл шаруашылығы саласының мұндай деңгейге көтерілуіне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен көмектің тигізіп отырған әсері де орасан зор. Соның ішінде Елбасы тапсырмасына орай, құрылған «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі акционерлік қоғамының атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Құрылғанына он жыл толған осы қоғамның Қызылорда облыстық филиалы да агроөнеркәсіп саласын кешенді түрде дамытуға қаржы салып, жаңа техникалармен қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Осы орайда біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Оразбек Қарақожаевты әңгімеге тартқан едік.
ДӘУЛЕТ
23 қараша 2013 г.
1 189
0
Өздеріңізге мәлім, Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
ДӘУЛЕТ
31 қазан 2013 г.
1 014
0
Қызылорда. Облыс орталығында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асыруға мән беріліп отыр. Биыл қалада 8 шаруа қожалығына 41 млн. 700 мың теңге бөлінген.
ДӘУЛЕТ
23 қазан 2013 г.
1 010
0
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін жүргізілетін шаралардың кешенінде тұқым шаруашылығының алатын орны ерекше зор. Оның негізгі міндеттері: біріншіден, өндірісте егіліп жүрген күріш сортының тұқымын тауарлы күріш өндіретін шаруашылықтарға жеткілікті мөлшерде дайындап беру.
ДӘУЛЕТ
19 қазан 2013 г.
2 300
0
Биылғы егістікке сақадай сай әзірлікпен бел буа, білек түре кіріскен сырдариялықтар бүгінде егістік даласын еңбек дүбіріне бөлеген. Аудан егінші-механизаторлары егіс дақылдарын уақытында егіп, суға мезгілінде толықтай бастырып, минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендіру нәтижесінде Сыр маржанының шығымдылығы ойдағыдай екен.
ДӘУЛЕТ
03 қазан 2013 г.
1 590
0