«Сыбағаның» сыбағасы мол болып тұр

Қызылорда. Облыс орталығында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асыруға мән беріліп отыр. Биыл қалада 8 шаруа қожалығына 41 млн. 700 мың теңге бөлінген. 
Аталмыш қаржыға 15 бас асыл тұқымды бұқа мен 222 бас аналық сиыр алынды. Одан өзге бағдарлама аясында 9 айда мал басын өсірумен айналысып жатқан шаруа қожалықтарына 20 млн.155 мың теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осындай қолдауға қалаға қарасты Ж. Маханбетов ауылының тұрғыны Гүлмира Кішкенбаева да ие болды. Ол бағдарлама негізінде 6 млн. 500 мың теңге алды. Жалпы жыл соңына дейін қалада тағы да 3 шаруа қожалығын несиелендіру көзделуде.
ДӘУЛЕТ 23 қазан 2013 г. 1 010 0