2018 жылы соңғы айларында «Мектеп» баспасынан «Қазақстандағы математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы» деп аталатын көлемді еңбек жарық көрді. Оның авторлары білім мен ғылым саласына еңбегі сіңген тәжірибелі маман, қоғам қайраткері, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.Әбілқасымова және оның шәкірті педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Қосанов. Кітап кіріспеден, төрт тараудан және библиографиядан тұрады, соңында математиканы оқыту әдістемесінен XIX-XXI ғасырлар аралығында жарық көрген 64 басылымның сыртқы мұқабаларының суреттері келтірілген. Жалпы айтқанда, бұл еңбекте қазақ елінде математикалық білім беру ісі қалай қолға алынып, жүзеге асырылды, оны кімдер жүргізді, осы уақытқа дейін ана тілінде қандай математика оқулықтары жазылды, сондай-ақ, математиканы оқыту әдістемесі ғылым ретінде қалай қалыптасып, дамыды деген келелі мәселелерге жауап берілген.
Білім
13 ақпан 2020 г.
995
0
Қызылорда «Болашақ» университеті мен «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бастап чехиялық «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. «Болашақ» ҒЗИ және «Sociosféra-CZ» ҒЗО бір-біріне ғылыми материалдар мен әдебиетпен, оның ішінде тараптардың әрқайсысының қолдауымен шығарылған әдебиеттермен алмасуға жәрдемдеседі және өзара алмасу әрбір елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Екі тарап қолда бар мүмкіндіктерді негізге ала отырып, келесі жұмыстарды атқаруға ұмтылады: бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; бірлескен семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу; ынтымақтастық мәселелерінің бүкіл кешені бойынша жарияланымдармен алмасу.
Білім
13 ақпан 2020 г.
1 358
0
Елімізде зияткерлік мектептер ашу туралы жоба осыдан он жылдан астам уақыт бұрын жүзеге аса бастады. Бұл мектептердің миссиясы – халықаралық тәжірибе мен практиканы ұтымды үйлестіріп, инновациялық білім беру жүйесін әзірлеп, оны енгізу болатын. Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына деген талап мықты, сенім де бөлек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бірінші қойған НЗМ оқушылары оқуға, ой тоқуға, бастысы білгенін жүзеге асыруға бейім.
Білім
10 ақпан 2020 г.
822
0
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов талапкер қандай жағдайда ҰБТ-дан бір жылға шеттетілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім
08 ақпан 2020 г.
1 177
0
Әркімнің өз өмірінде үлгі тұтып, тағылым алар адамы болады. Әсіресе, мұғалімдер қауымы бір-бірінің қол жеткізген жетістігіне, іс-тәжірибесіне, алған марапаттарына шын көңілден қуанып жатады. Қуана жүріп, өзі де сол деңгейге жету үшін ізденеді, білмегенін білуге тырысады, ілгері ұмтылады. Біздің №101 мектеп-лицейінде де өзінің тынымсыз ізденісімен көпшілік көңілінен шығып жүрген ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – физика пәнінің оқытушысы Ләззат Сапиуллақызы.
Білім
06 ақпан 2020 г.
1 266
0
2002 жылдан бастап облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің демеушілігімен және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажайы базасында елімізде ешқандай аналогы жоқ «Тәжірибе алаңы» жобасы облыстың шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарына арналып дәстүрлі түрде өткізілуде.
Білім
04 ақпан 2020 г.
1 270
0
Білім
01 қаңтар 2020 г.
429
0
Қасым Аманжоловтың «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ! Қараймын елесіңе мен таңырқап...» деген жалынды жырын бүгінгі жастарға қарата айтуға болады. Шынында, қазір бізге жол ашық. Сапалы білім алып, кәсіби маман атануға кедергі жоқ. Сондықтан болар, үздіктер қатарынан табылып, жетістікке жету жолында аянып қалмайтын жастар көп. Олардың ішінде жаңақорғандық Айман Назарбекқызы бар. Жуырда Айман «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» халықаралық үздік студенттер байқауында топ жарды.
Білім
15 желтоксан 2019 г.
1 315
0
Шымкент қаласындағы Оңтүстік мемлекеттік педагогикалық университетінде жалпы білім беру ұйымдары педагог кадрларының әдістемелік әлеуетін кеңейту, еліміздің оңтүстік аймақтарында жаңартылған бағдарламаларды сапалы ендірудің тиімді механизмін құруда жетекші мектептерге қолдау көрсету мақсатында көшбасшылар форумы өтті.
Білім
12 желтоксан 2019 г.
1 374
0
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беруді жүйелі түрде оқытуға айрықша мән берілуде. Өйткені, экономикалық қуаты артқан еліміз жұмысшы мамандарға зәру.
Білім
26 қараша 2019 г.
1 638
0