Ендігі форум Сыр елінде өтеді

Шымкент қаласындағы Оң­түстік мемлекеттік педагоги­калық университетінде жал­пы білім беру ұйымдары педа­гог кадрларының әдістемелік әлеуетін кеңейту, еліміздің оңтүстік аймақ­тарында жаңар­тылған бағ­дар­ламаларды сапа­лы ендіру­дің тиімді ме­ха­низмін құруда жетекші мектептерге қолдау көрсету мақсатында көш­басшылар фору­мы өтті. Жаңар­тыл­ған білім беру мазмұны аясында ұйым­дастырылған фо­рум­ға Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарының педа­гогикалық шеберлік орталық қызметкерлері, білім басқар­ма­ларының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқыту­шылары, жетекші мектеп директорлары  мен педагогтары қатысты.

Жиынды Нұр-Сұлтан қаласы­нан келген педагогикалық ше­берлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова ашып, шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Мұнан бөлек Түркістан облы­сының адами әлеуетті дамыту басқармасының  басшысы Рақымбек Жолаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта мектептерге трансляциялау барысын сөз етсе, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универ­ситетінің  ректоры Барша­гүл Исабек мектеп пен ЖОО-ның  ынтымақтастығы – білім сапасын арттырудың жолы турасында баяндады. Сондай-ақ, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы Ирина Энтина «Жетекші мектептер –аймақтық мектеп педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетудің құралы», Қызылорда қаласы оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Асқаров «Қызылорда облысының жалпы білім беретін ұйымдар жүйесінің инновациялық іс-тәжірибелерін тарату және қолдау көрсету», Талдықорған қаласы оқу-әдісте­мелік орталығының директоры  Алуа Қабдулова «Жетекші мек­­тептердің инновациялық қыз­­метіне әдістемелік қолдау» тақы­­рыптарында баяндама жасады.

Форумның жұмысы «Жетек­ші мектептердің тәжірибесіндегі инновациялық идеялар» та­қы­ры­бындағы диалогтік ала­ңы­нан бастау алды. Онда  «ҚР жа­ңартылған білім беру жүйесіндегі сабақ сипаты», «Серіктес мектептермен жүйе­лі жұмысты ұйымдастыру жол­­дары», «Педагогикалық қоғам­­дас­тықтың мәдениетін дамыту контексіндегі мектеп активтерінің жұмысы», «Жаңар­тылған білім беру негізінде заманауи мек­теп­терді инновациялық бас­қару», «LESSON STUDY – мұға­лімдердің оқытудағы бірлес­кен тәсілі ре­тін­де», «Тәрбие жұмыстары: же­текші мектептердегі әлеу­мет­­тік жобаларды дамыту», «Педагогикалық ЖОО-да кәсіби даярлық үдерісінде түлектердің бәсекеге қабілетті моделі» та­қырыптарындағы жеті секция жұмыс жасады. жетекші мектептердің тәжірибесіндегі инно­вациялық идеяларды талқы­лауға, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.

Мұнан соң «Жетекші мек­тептердің жұмыс бағыттары» тақырыбында TED алаңы ұйым­дастырылды. Әрбір өңірден келген көшбасшылар табысты көшбасшының сипаты, сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігі, же­текші мектептердің қызметі мен даму тенденциялары тақырып­тарында өз ойларын ортаға салды. Қызылорда облысы Арал ауданынан арнайы қатысқан Қырықбай Ұзақбаев осы алаңда «Жетекші мектептердің магниттік құрылымы немесе неге біз бір-бірімізді тартамыз?» тақырыбында өз пікірін білдіріп, шығармашылығымен танылды.

Форумның екінші күні қа­тысушылар Шымкент қала­сының А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-лицейі мен №89 мектеп-лицейінің іс-тәжірибесімен танысты. Онда «Заманауи жетекші мектептің моделі: инновация және өзара ынтымақтастық траекториясы» тақырыбында фасилитациялық сессия өтті. Сонымен қатар, педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз қалаларындағы филиал тренерлері жеті бағытта секция жұмыстарын жүргізді. Қызылорда қаласының ПШО тренерлері «Мектептің білім беру саясаты контексіндегі әлеуметтік капитал» және «Та­бысты-көшбасшылық: құн­ды­лықтан мектеп мәде­ниетіне» тақырыптарын қозғаса, талды­қорғандық тренерлер «Сабақты зерттеу үдерісін мектептің даму жоспарына енгізу моделі», «Кәсіби даму картасы – мұ­ғалімнің біліктілігін арттыру құралы» тақырыптарын, Тараз қаласынан келген тренерлер «Сабақты зерттеу тәсілін жүйелі енгізу», шымкенттік тренерлер  «Эмоционалды интеллект –  заманауи көшбасшының бас­ты құзыреттерінің бірі», «4K моделін оқу үдерісіне енгізудегі жетекші мектептің рөлі» та­қырыптарындағы шеберлік-сыныптарында оқу мен оқыту үдерісін  жетілдірудің тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында қатысу­шыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлердегі жетекші мектептерінің «Жаңару жаршысы» ІІ аймақтық форумының эстафетасы біздің өңірге тапсырылды. Бұл – Сыр елінің көшбасшылары үшін үлкен сенім мен жауапкершілік.

София Камалова,

Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиал директоры.

Ерболат Оспанов,

ПШО тренері.

Білім 12 желтоксан 2019 г. 1 374 0