Жаһандану заманында бәсекеге сай ұрпақ тәрбиелеу керек

Қазіргі заман сынына қарсы тұру үшін  оқушының бойында қандай білім мен дағдыны, көзқарастар мен құндылықтарды қалыптастыру керек? Мектептерге ұсынылып отырған жаңа стандарт өзгермелі заманда әлемге тән тенденцияларға  сай ма? Оқушының алған білімі өмірлік қажеттіліктерін өтейтіндей  түрлі жағдаяттарда шешім қабылдай алатындай, өзіне жауапкершілікті алып, сенімді болуға үйрету ата-ананың, мектептің және барша қоғамның міндеті болуға тиіс. Дәстүрлі тамыз конференциясы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді талқылауға мол мүмкіндік берген алқалы жиын болды. Онда білім сапасын көтеру, қоғамдағы мұғалім мәртебесін айқындау, адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелер қозғалды. Білім беру жүйесіндегі атқарылып жатқан жұмыстардың жалпы бағдары, оны жетілдірудегі мақсат-міндеттер айқындалды.
Білім 25 тамыз 2019 г. 1 035 0

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Кезекті тамыз конференциясында алдағы жаңа оқу жылына дайын­дық пысықталып, бағыт-бағдар бе­ріл­ді. Республикалық кеңесте тал­­қы­ланған келелі мәселелер мен міндет­тер де сөз болды. 
Білім 24 тамыз 2019 г. 3 276 0

Көтерілген мәселелер көңілден шықты

Облыс ұстаздарының жыл сайынғы басқосуында білім беру саласының алдында тұрған өзекті мәселелер қозғалды. Маған ұнаған тұсы – үштілділікке байыппен, кезең-кезеңімен оқушылар мен ұстаздар дайын болған уақытта ғана көшетініміз. Мұғалім мәр­тебесі туралы заң жобасында тек олардың әл-ауқатын, материалдық жағдайын жақсарту емес, бізге үлкен жауапкершілік артылатыны да жақсы көтерілді.
Білім 24 тамыз 2019 г. 916 0

Цифрландыру саланы алға жетелейді

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қалалық білім беру қызметкерлерінің «BІLІM jáne ǴYLYM» тақырыбында тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі болып өтті.
Білім 24 тамыз 2019 г. 967 0
Мектеп директорының орынбасарлары ҰБТ-ға пара жинамақ болған

Мектеп директорының орынбасарлары ҰБТ-ға пара жинамақ болған

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстағы екі мектеп директорының орынбасарын пара беруге итермеледі деп айыптап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды. 
Білім 24 шілде 2019 г. 1 214 0
Келешектің кәсібі қайсы?

Келешектің кәсібі қайсы?

 Осыдан 3-4 жыл бұрын Оксфорд университетінің құрметті профессоры, құқық саласындағы әлемге әйгілі ІТ кеңесші Ричард Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты кітабы жарық көрді. Тың туындының электронды нұсқасын парақтап, «Болашақта мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұр, жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін» дегенді оқығанда көңілде күдік ұялағаны рас. Дегенмен, нарықтық қатынастың қай салаға да өзгеріс енгізетіні күннен күнге біліне бастағандай.
Білім 21 шілде 2019 г. 535 0
Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Білім 17 шілде 2019 г. 1 284 0
Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

Жыл соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім 15 шілде 2019 г. 1 195 0
Министрлік оқу ақысын қымбаттатуды тапсырды деген хабар жалған - БҒМ

Министрлік оқу ақысын қымбаттатуды тапсырды деген хабар жалған - БҒМ

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма берді деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҒМ министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім 09 шілде 2019 г. 1 284 0
ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді

ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі қамауға алынған ведомство басшысының көмекшісіне байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Білім 29 маусым 2019 г. 1 314 0