Топ жарған төртеу

Қазалылық оқушылар көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғы ойлап тапты. Жаңа көзілдірік кедергілерді сезуге мүмкіндік береді.
Білім 16 сәуір 2019 г. 1 078 0

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ...

Бүгінгі таңда мұғалім дәстүрлі сабақ өтумен шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ол үшін мұғалімнің өзі барынша шығармашыл,ізденімпаз болу керек. Сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болуы тиіс. Яғни, бүгінгі заман талабына сәйкес мұғалім көшбасшы. Үнемі көштің басында жүру әрине қиын, дегенмен бұл-жаңа дәуірдің талабы. Ұстаздық бірден қалыптаспайды, мұғалімдіктің шыңына жеткен жан ғана нағыз ұстаз деп айтуға болады.
Білім 06 сәуір 2019 г. 1 450 0
Наурызда 80 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады

Наурызда 80 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады

Республика бойынша наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 154 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді. Өтініш қабылдау осы жылдың 1-15 ақпан аралығында жүргізілген - деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.
Білім 22 наурыз 2019 г. 2 463 0
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

Ұстаздық ету – мамандықтың төресі. Болашақтың егесі, қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастарға ілім үйретуде осы ұстаз атаулының орны ерекше. Колледжімізде өз ісінің маманы, қаншама жастың бағын ашып, болашағына жол салған ұстаздар, оқытушылар қатары жетерлік. Соның бірі – Әлия Әлиакбарқызы. Жоғары санатты, біліктілігі жоғары апайымыз бүгінде колледждің кәсіптік тәжірибе, оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері.
Білім 21 наурыз 2019 г. 1 413 0

ТАЛАПТЫЛАРҒА ЖОЛ АШҚАН

Қалалардың өсiп, ауылдың iрiленуi – өркениеттi қоғамның жетiстiгi. Алайда, ауылдан бiржола тамыр үзiп қалмау – бүгінгі өзекті мәселенің бірі. Оның үстіне алыптардың көбі осы ауылда дүниеге келгенін ескерсек, болашақта бұл үрдiстiң жiбi үзiлмес үшiн мұнда ұлттық мәдениеттiң ошағы, заманауи бiлiмнiң бастауы сақталуы тиіс.
Білім 16 наурыз 2019 г. 1 408 0

IT-ECHELON: ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ЖЕМІСТІ ЖОБА

Бүгінгі заман ақпараттық технологиялар кезеңі. Осы сала бойынша алға озып кеткен елдер бар әлемде. Сондықтан да көш соңында қалып қоймау үшін Елбасы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды міндеттеп отыр.
Білім 12 наурыз 2019 г. 1 539 0

ҰЛАҒАТТЫ ІСТЕР ҰЙЫТҚЫСЫ Қызылорда қаласындағы №212 мектепке жарты ғасыр толды

Қай дәуірде болмасын мемлекеттің қуаты ондағы білім деңгейімен бағаланып, дамуы сол арқылы қамта­масыз етіледі. Қазақстан Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыттан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында әлемдегі өркениет көшін бастаған мемлекеттердің қатарына қосылу мақсатында табан­дылықпен еңбек етуде. Бұл орайда облыста, қалада да айтарлықтай игі істер атқарылуда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың білім саласына айтар­лық­тай көңіл бөлуінің нәтижесінде соң­ғы жылдары аймақта көптеген жаңа мек­тептер бой көтерді. Ұстаздар еңбегі бағаланып, оларға гранттар бөліне бас­тады. Ұстаздар қауымының беделі артып келеді.
Білім 12 наурыз 2019 г. 1 407 0

"ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАР: ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯ"

 Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты базасында республикалық мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған "Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация" тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес өткізілді.
Білім 30 қаңтар 2019 г. 2 096 0
АДАМ АРМАНДАЙ БІЛУІ КЕРЕК

АДАМ АРМАНДАЙ БІЛУІ КЕРЕК

Мен Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу­лер университетінде (НИТУ МИСиС) «Машина жасау конструкторы» мамандығы бойынша білім алудамын. Қазір 3-курс студентімін. Өзім Жалағаш ауданының тумасымын. Сол аудандағы №31 мектепте оқып, білім алдым. Енді, міне, облыс әкімінің қолдауымен Мәскеуде оқып жатырмын.
Білім 26 қаңтар 2019 г. 4 520 0

«ӨЛКЕТАНУ» ОҚУЛЫҒЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жердің әрбір перзенті сол өлкенің тау-тасы мен қырқасы, сондай-ақ, ел есінде қалған дара тұлғалары туралы  терең білуі керектігін атап өтіп, осы тұрғыда орта мектептерде «Өлкетану» оқыту курсын енгізу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осы бастама аясындағы алғашқы қадам біздің аймақтан бастау алды.
Білім 21 қаңтар 2019 г. 1 565 0