« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Бүгінгі заман ақпараттық технологиялар кезеңі. Осы сала бойынша алға озып кеткен елдер бар әлемде. Сондықтан да көш соңында қалып қоймау үшін Елбасы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды міндеттеп отыр.
Ол үшін біз жастардың ІТ технологиялары бойынша сапалы білім алуына қол жеткізуіміз керек. Сол себепті де облыс әкімінің биылғы оқу гранттарының 70% ІТ технологиясы бойынша мамандықтарға беріледі. Өйткені, жастарымыз тек компьютерді меңгеріп қана қоймай, өздері жаңа жобаларды жасайтын деңгейге жетуі қажет. Аймақта инновациялық және бизнес бастамаларға әрдайым қолдау жасала береді. Бүгінгі жоба – «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылуы тиіс шаралардың бірі.
«Болашақ» университетінде «IT-Echelon» бағыты бойынша арнайы оқу бағдарламасының ресми ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов осындай ойларын жеткізді. Тұсаукесер рәсіміне, сондай-ақ, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова, «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков, ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадулла қатысты. Олар IT бағытының маңыздылығы туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Болашақта IT технологиясы енгізілмейтін сала қалмайды. Жаңа технологиялар адам өмірін жеңілдетуге, уақытын үнемдеуге көмекке келеді. Стив Джобс және басқа да мықты мамандар тек шетелдерде ғана өмірге келеді деген түсінік қалыптаспауы тиіс. Біздің жастарымыздың арасынан да сондай мықтылар шығады. Спикерлер сөзінің түйіні осы болды.
«IT-Echelon» бұл ВЕБ-қосымшаларды әзірлеудің негізгі аспектілері бойынша онлайн мүмкіндігін беретін оқу бағдарламасы саналады. Бұған қатысушылар фундаментальді аспектілер бойынша онлайн интенсивтермен веб-қосымшаларды әзiрлеуді үйренетін болады Олар сарапшыларды тыңдап, сонымен қатар, Қазақстанның және ТМД елдерінің, сондай-ақ, Яндекс, Майл ру, Тіnkoff секілді It компаниялардың кәсiби мамандарынан дәріс алатын болады. Бағдарламаға қатысушы барлық тыңдаушыларға өздерінің білімдерін, идеяларын, стартап жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасалады. Аталған бағдарлама жаңа жобаларды жасайтын кадрларды дайындауға және жергілікті ІТ қауымдастығының пайда болуына өз үлесін қосады деген сенім мол.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |