Білім саласының бүгінгі бет-бейнесі

Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін философиялық тұрғыда өзгерту. 2011 жылы басталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тұжырымдамасына сай мұғалім – бұл оқушының танымдық ізденісіндегі көмекшісі, ал оқушы болса өз дүниетанымының конструкторы болуы керек. Осынау өзгермелі де қайшылыққа толы әлемде баланың орнына ешкім де ақиқатты тауып бере алмайды, ол тек баланың ғана қолынан келеді. Сөйтіп, мұғалім мен бала қарым-қатынасы «субъект-объект» жүйесінен «субъект-субъект» жүйесіне өзгеріп, қайта құрылады. Жаңа бағдарламалармен оқудың алғашқы нәтижелері оқушыларымыздың өздерін еркін сезінетінін, өз ойларын ашық, бүкпей жеткізетінін және ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей алатынын анық растап отыр.
Білім 12 шілде 2018 г. 1 342 0

БІЛІМ АРАЛЫНДАҒЫ ТОҚСАН ЖЫЛ

Биылғы жыл біз үшін ерекше кезең болып тұр. Еліміздің тұңғыш астанасы болған Қызылорда қаласына – 200, ең алғашқы медициналық білім беретін іргелі оқу орны – Қызылорда медициналық жоғары колледжіне 90 жыл  толғалы отыр. Тарихы терең Қызылорда медициналық жоғары колледжі өңіріміздегі кәсіби маман дайындайтын бірден-бір оқу орны.
Білім 12 шілде 2018 г. 1 493 0
Оқушылардың есінде өмір бойы сақталған тапсырма

Оқушылардың есінде өмір бойы сақталған тапсырма

Бірнеше жыл бұрын "Readerʼs Digest" журналында ғажайып оқытушы әйел жайлы мақала жарық көрген болатын. Оның кішкентай тапсырмасынан кейін оқушылар өз-өзіне сенімді бола бастаған. Кез-келген адамға керемет көңіл-күй сыйлайтын сол оқиғаны сіздеремен бөлісуді жөн көрдік. 
Білім 08 шілде 2018 г. 1 492 0

ТҮЛЕКТЕРГЕ БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

Астана қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен Еураз ЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Келісімге сәйкес университет қызылордалық мектеп бітірушілерге жыл сайын білім гранттарын бөлетін болады. 
Білім 03 шілде 2018 г. 1 526 0

ҰБТ: НӘТИЖЕ БЫЛТЫРҒЫДАН ЖОҒАРЫ

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова облыста өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Білім 26 маусым 2018 г. 1 595 0

ІРГЕЛІ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Дүние  жүзілік тау-кен конгресі аясында Астанада "Мәскеу болат және қорытпалар институты" Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің 100 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті. Бұл оқу орнында 202 қызылордалық жас білім алуда. Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев университет студенттерімен кездесіп, бітіруші түлектерді марапаттау рәсіміне қатысты.
Білім 21 маусым 2018 г. 1 517 0
Сапалы білімге саналы қадам

Сапалы білімге саналы қадам

Еліміздегі іргелі оқу орын­дардың бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық және Астана қаласындағы ауылшаруашылығы бағытында кәсіби маман дайындайтын алдыңғы қатарлы білім ордасы.  Бастауын 1957 жылдан алатын Ақмола ауыл шаруашылығы институты ауыл балаларынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау мақсатында ашылған.  Қазіргі таңда бұл білім ұясы зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар, республиканың ғылыми-оқу орталығы болып қалыптасты.
Білім 21 маусым 2018 г. 1 596 0
Work and Travel: қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы табысы мен қиындықтары

Work and Travel: қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы табысы мен қиындықтары

 Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та болған қазақстандық студенттер Tengrinews.kz тілшісіне табыс есебі мен жұмыс барысындағы қиындықтардан қалай құтылуға болатыны туралы айтып берді.
Білім 20 маусым 2018 г. 730 0
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТАПҚЫ ОРЫНДА

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТАПҚЫ ОРЫНДА

 Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы оқу жылында 136 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Бұл – барлық оқушының 97 проценті. Оның ішінде 9 лагерь 7 ауысымда тынығушыларды қабылдауды бастап кетті. Ал 111 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерьлерге барады.
Білім 16 маусым 2018 г. 1 317 0
ТӘЛІМІ АСЫЛ ПАРАСАТ ИЕСІ

ТӘЛІМІ АСЫЛ ПАРАСАТ ИЕСІ

Қазақ халқының «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса, қай дәуірде болсын жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектептен бастап бүкіл білім беретін оқу орындарының мұғалімдер ұжымына үлкен міндеттер жүктелері анық. Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғандар ғана мақсатына жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие бола алады.
Білім 16 маусым 2018 г. 936 0