РОБОТОТЕХНИКА МЕКТЕБІНДЕ  6 ЖАСТАН БАСТАП ОҚУҒА БОЛАДЫ

РОБОТОТЕХНИКА МЕКТЕБІНДЕ 6 ЖАСТАН БАСТАП ОҚУҒА БОЛАДЫ

Қызылордалық жас кәсіпкер Серік­бол Ералиев «Smart Generation» робо­тотехника мектебін ашты. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Білім 15 қыркүйек 2018 г. 3 118 0
КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Сыр спортында сүйіншілейтін жаңалық. Талай дарабоз­ды тәрбиелеген Жалаңтөс баһадүр атындағы облыстық маман­дан­дырылған мектеп-интернатына «Дене тәрбиесі және спорт» ма­мандығы бойынша студенттер даярлайтын мектеп-интернат-колледжі мәртебесі берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Білім 13 қыркүйек 2018 г. 1 160 0

ЖАСТАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАТАҚХАНА

Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында еліміз үшін маңызды мәселелерді айқындап берген болатын. Оның ішінде  әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажеттігін айтып өткен еді. Осыған орай қазір жүйелі жұмыс жасалуда. Оның жай жапсары облыс әкімінің орынбасары Евгений Кимнің төрағалығымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру мәселесі бойынша өткен басқосуда айтылды. Оған еліміздің өзге өңірлерінің білім басқармасының басшылары мен орынбасарлары, жергілікті мектеп және колледж директорлары қатысты.Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында еліміз үшін маңызды мәселелерді айқындап берген болатын. Оның ішінде  әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажеттігін айтып өткен еді. Осыған орай қазір жүйелі жұмыс жасалуда. Оның жай жапсары облыс әкімінің орынбасары Евгений Кимнің төрағалығымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру мәселесі бойынша өткен басқосуда айтылды. Оған еліміздің өзге өңірлерінің білім басқармасының басшылары мен орынбасарлары, жергілікті мектеп және колледж директорлары қатысты.
Білім 08 қыркүйек 2018 г. 1 290 0
Қытайда роботтар оқытушыларды алмастыра бастады

Қытайда роботтар оқытушыларды алмастыра бастады

Қытайдағы балабақшалардың бірінде балаларға оқытушы орнына 60 сантиметрлік робот сабақ өте бастады. Білім саласындағы “smart” оқытушының есімі – Кико (Keeko).  Ол балаларға қызықты ертегі мен аңыз-әңгімелер айтып, түрлі жастағы балаларға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бере алады. Оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, робот экранында қызыл жүрекше жанады. Сонымен бірге, ол оқушыларды зеріктірмей, түрлі сұрақтарға да жауап береді.
Білім 04 қыркүйек 2018 г. 1 137 0
БІЛІМДІ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

БІЛІМДІ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

Биылғы білім күнінің де базарлығы аз болған жоқ. Облыстағы барлық білім ордалары алғашқы қоңырау салтанатын ерекше көңіл-күймен атап өтті. Әсересе Жаңақорған, Қазалы аудандарында 300 орындық жаңа мектептердің ашылуы ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың қуанышына қуаныш қосты. Соның ішінде Жаңақорған ауданында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі – Түгіскен ауылында салынған 300 орындық №256  мектеп.
Білім 04 қыркүйек 2018 г. 2 871 0

ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Бүгінгі жаһандану дәуірінде адамзат баласы үшін білімнің маңызы зор. Оның ішінде біздің қоғамдық пікір тұрғысынан қарастырсақ, білім алу үлкен жетістіктерді бағындырумен, бірнеше тіл білумен, ғылым мен техниканы игерумен, сондай-ақ, дамыған елдер қатарына қосылу барысында жан-жақты қабілетті адам болумен сипатталады.
Білім 04 қыркүйек 2018 г. 884 0
Жоғары интеллекттің 6 белгісі

Жоғары интеллекттің 6 белгісі

Кей адамдардың басқаларға қарағанда жоғары интеллектті екенін мінез-құлқынан, әрекеттерінен, ойларынан, ұстанымдарынан байқауға болады. Ақылдылықты анықтаудың 6 белгісін қарап көрейік.
Білім 03 қыркүйек 2018 г. 959 0

БІЛІМ: АЙРЫҚША ҚОЛДАУДЫҢ АЙҚЫН НӘТИЖЕСІ

Сіз бен біз куә болып жүргендей, өңірде білім беру саласының жаңа дәуірі жүріп жатыр. Бұл салада биыл 15 нысан пайдалануға берілсе, жалпы білім берудің сапасын арттыру бағытында барынша қажетті шаралар қолға алынған. Айталық, жыл сайын ауылдық жерлердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектер үшін облыс әкімінің гранты бөлінеді. Бүгінде аталған грантты иеленушілер саны 700-ге жетіп отыр. Осы жылы бұл санаттағы 205 бала еліміздің жетекші оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қазіргі заман талабына сай облыс әкімі грантының 70 процентін ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға беру қарастырылған.
Білім 31 шілде 2018 г. 1 164 0

УНИВЕРСИТЕТ ТАҒЫ БІР ҒАЛЫММЕН ТОЛЫҚТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2017-2018 оқу жылын жаңа ғылыми жетістіктермен қорытындылауда. Биылдың өзінде 7  ғалым өздерінің ғылыми жұмыстарын сәтті қорғады. Солардың бірі – осыдан екі айдан астам уақыт бұрын университет жанындағы «Құрылыс» және «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі» мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңесте «Жергілікті шикізат негізінде мұнай шламын қолдана отырып автоклавсыз газды бетонды өндіру технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғаған Н.Сақтағанова. Жуырда оған  ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Білім 26 шілде 2018 г. 1 198 0